ӨКМ деген не?

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері − (ӨКМ) принципі қолданылады.

ӨКІМ күші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Тізілімге кірген өнімдерге таралады.

Бизнес қоғамдастықтардың ұсыныстары ескеріле келе және халықтың (тұтынушылардың) мүддесіне сай ӨКМ принципінің кезеңбе-кезең енгізілуі қарастырылған.

Төлемді тексеру

ӨКМ төмендегілерге таралады

Үкіметтің Қаулысымен «Оператор РОП» ЖШС ӨКМ Операторы болып анықталды. Оператор функциялары: қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге асыру алымын, тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және кәдеге асыруды ұйымдастыру, екінші шикізатты алу.

ӨКМ стратегиялық мақсаты – пайдалану тиімділігін арттыру және жаңартылмайтын табиғи ресурстардың тұтынылуын азайту арқылы тұрақты өндірістік-тұтыну жүйелерінің дамуы.

Бұл қалдықтарды құруды барынша тоқтатқанда; экологиялық қолайлы материалдар мен процестерді пайдаланғанда; материалдық ресурстарды пайдаланудың тұйықталған циклдерін құрғанда; қызмет мерзімі ұзақ өнімдерді құрғанда; жеңіл өңделетін өнімдерді өндіргенде; материалдарды екінші өңдеу және қайта пайдалану пайызын арттырғанда болады.

Келесі жағдайларда кәдеге асыру төлемінің төленгенін тексеру керек:

Қазақстан бойынша дилерлерден автомобиль сатып алмақшысыз.

Автомобильді Арнайы ХҚКО немесе жол полициясында алғаш рет есепке қоймақшысыз.

Қайталама нарықта алғашқы тіркемеден өтпеген автомобиль сатып алмақшысыз.

Көлік құралы Қазақстанға дербес жеткізілгенде немесе сіздің тапсыруыңызбен жеткізілгенде импорттаушы дербес түрде төлем енгізеді.

Төлем қажет емес

Көлік құралдары үшін:

1

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу есебінде тұрған көлік құралы сатып алынып отырса, жаңа меншік иелеріне;

2

Егер импортталып отырған көлік құралы М1 категориясына және жеңіл көлік құралдары үшін G жоғары өткізгіштікке жатпаса; N1, N2, N3 категорияларына, соның ішінде жүк көліктері үшін G жоғары өткізгіштікке жатпаса; М2, М3 категориялары мен автобустар үшін G жоғары өткізгіштікке жатпаса.

3

Импорттаушылардың, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру ережелері күшіне енбей тұрып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.01.2016ж. №28 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген көлік құралдары.

Тізілімге сәйкес тауарлар (өнімдер) үшін:

1

Өндіріске Қазақстан Республикасы аумағында қайта өңделіп, кәдеге асырылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, әйнек, қағаз және картон қалдықтарының кемінде отыз пайызын қолданған жағдайда шығарылған майлардың, полимер, әйнек, қағаз және (немесе) картон қаптамалардың өндірушілері;

2

Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген, одан тыс жерде сатылған өнімдердің (тауарлардың) өндірушілері мен импорттаушыларының;

3

Автокөлік құралдарын импорттаушыларды қоспағанда, жеке пайдаланысқа арналған тауарларды баж салығынсыз әкелуге бөлінген квота шегінде өнімдерді (тауарларды) импорттау кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнімдерді (тауарларды) Қазақстан Республикасы аумағына әкелетін жеке тұлғалардың.

Үкіметтің Қаулысымен «Оператор РОП» ЖШС ӨКМ Операторы болып анықталды.

Оператор функциялары: өндірушілердің (импортер) кең міндеттері тарайтын тұтынушылық қасиеттерінен айырылыған өнімнің (тауардың) қалдықтарын жинау, тасымалдау, өндеу, қайталап өндеу, пайдалану және (немесе) кәдеге асыру.

ӨКМ стратегиялық мақсаты

Қайта орнына келмейтін табиғат ресурстарының тиімді пайдаланысын арттыру және тұтынылуын азайту арқылы орнықты өндірістік-тұтынушылық жүйелерді дамыту.

Қалдықтардың түзілуін барынша алдын алу
Экологиялық тұрғыдан анағұрлым қолайлы материалдар мен процестерді пайдалану
Материалдық ресурстарды пайдаланудың тұйықталған циклын құру
Қызмет мерзімі ұзақ өнімдерді жасап шығару
Қайта өңделуі оңай өнімдерді шығару
Материалдардың екінші мәрте қайта өңделуі мен қайта пайдаланылу пайызын арттыру

Басым міндеттер

Қазақстандағы ТҚҚ басқарудың бірыңғай жүйесін құру
Экология мәселелерін шешу және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту
ТҚҚ сұрыптау және кейіннен пайдалану үшін жаңа зауыттардың құрылысын салу
Экологиялық таза көлік құралдарының шығарылуын ынталандыру
Жаңа жұмыс орындарын құру

Құжаттар

Біздің өкілдіктеріміз

Кеңес алып, рәсімдеу үшін Қазақстан бойынша
агенттерімізге хабарласыңыздар

Тізімді қарау

Жүйеге кіру

Жүйемен жұмыс істеу үшін авторизациядан өтіңіз.
Осы күнге дейін аккаунтыңыз болмаса, тіркеліңіз.

Кіру және тіркеу