RU KZ

Аккумулятор

Жыл сайын Қазақстанда 18-24 мың тонна пайдаланылған аккумуляторлық батареялар пайда болады. Қазақстанда қолданылатын аккумуляторлық батареялардың негізгі түрлері – қорғасын, никель және литий батареялар. Жүктеме түрі бойынша олар стартерлік, тартқыш, стационарлық және портативті аккумуляторлық батареяларға бөлінеді. Негізінен іштен жанатын қозғалтқыштарды іске қосу үшін стартерлік аккумуляторлар қолданылады. Барлық дерлік автомобиль аккумуляторлары қорғасын-қышқылды болып келеді. Қорғасын, кадмий, литий, күкірт қышқылы, күйдіргіш калийдің сілтілі ерітіндісі адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің 1 сыныбына жатады (ГОСТ 17.4.1.02-83) және қоршаған ортаны негізгі ластаушы көздерінің бірі болып табылады. Табиғи ортада өте ұзақ уақыт бойы ыдырайды. Осыған байланысты аккумуляторларды қайта пайдалану мақсатында кәдеге жаратудың маңызы зор.

Өзара әрекеттестік

2016 жылғы желтоқсаннан бастап ӨКМ Операторы пайдаланылған аккумуляторларды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша қызмет көрсететін қазақстандық кәсіпорындарға өтемақы төлеуді жүзеге асырады. Төлем мөлшері жиналған және өңделген қалдықтардың көлеміне байланысты. Бұл шаралар бизнесті қолдауға, жаңа қуаттар құруда ынталандыруға және Қазақстанда қайта өңдеу саласын одан әрі дамытуға бағытталған.

Пайдаланылған аккумуляторларды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемі

2016 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылған аккумуляторларды жинау және өңдеу көлемі – 19 284 тоннаны, 2017 жылы – 20  мың тоннаны, 2018 жылы – 20 мың тоннаны, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – 10 314 тоннаны құрады. Оператор пайдаланылған аккумуляторлардың 95%-ын кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді. Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Қайнар-АКБ» ЖШС Қазақстан Республикасында пайдаланылған аккумуляторлық батареяларды қайта өңдеудің толық циклі бар кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның қайта өңдеу қуаты жылына 30 000 тоннадан астам пайдаланылған АКБ құрайды.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402