RU KZ

Антифриз

Пайдаланылған автомобиль сұйықтықтары

Жыл сайын Қазақстанда 20 мың тоннадан астам антифриз тұтынылады. Антифриздер және тежегіш сұйықтық сияқты пайдаланылған автомобиль сұйықтықтары адам мен қоршаған орта үшін уытты (қауіптіліктің ІІ-ІІІ сыныбына жатады). Бұл қалдықтар табиғи ортада орналастырылмауы тиіс және қайта өңдеудің экологиялық қауіпсіз әдістерін қолдана отырып, жинап  алынып, кәдеге жаратылуы  қажет.

Өзара әрекеті

2020 жылдан бастап антифриздерге кәдеге жарату алымы алынып тасталды, бұл ретте жинақтаушылар мен қайта өңдеушілерге өтемақы төлемдері сақталған. Төлем мөлшері жиналған және өңделген қалдықтардың көлеміне байланысты. Бұл шаралар бизнесті қолдауға, жаңа қуаттылықтар құруды ынталандыруға және Қазақстанда қайта өңдеу саласын одан әрі дамытуға бағытталған.    2017-2018 жылдары екі кәсіпорын «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен өңделген антифриздер мен арнайы сұйықтықтарды өңдеу секторында ынтымақтасты.

Пайдаланылған автомобиль сұйықтықтарын жинау, өңдеу және кәдеге жарату көлемі

Бірлескен жұмыстың арқасында 2017 жылы Қазақстан Республикасында 2300 тонна антифриз және арнайы сұйықтық өңделген,   ал 2018 жылы пайдаланылған антифриздер мен арнайы сұйықтықтарды жинау және өңдеу көлемі 3400 тоннаны құрады.

Пайдаланылған автомобиль сұйықтықтарын қайта өңдеу циклі

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
164927