RU KZ

Сертификат

Бағдарламаның сипаттамасы

Жаңа көлік құралдарын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттары бойынша тозығы жеткен көлік құралдарын кәдеге жарату бағдарламасы. Бағдарлама ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасы бойынша «ӨКМ Операторы» ЖШС, ҚР Инвестиция және даму министрлігімен және отандық автоөндірушілермен бірлесе отырып әзірленді. Жаңа бағдарламаның талаптары бойынша кәдеге жаратуға М2, М3 жолаушылар тасымалдайтын және N1, N2, N3 санатындағы жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, моделіне қатысты ешқандай шектеулер жоқ. Бағдарлама талабы бойынша ескі техниканы өткізушіге сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген жаңа көлікті сатып алғанда сертификатты жеңілдік ретінде пайдаланылады.

Жеңілдік сертификатының құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 550 мың теңгеден 750 мың теңге аралығында болады.

Көлік құралдарының санаты бойынша жеңілдік мөлшері

Санат КҚ классификациясы Жеңілдік (теңге)
N1 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары 550 000
M2 жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннаға жетпейтін көлік құралдары
N2 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан бастап, 12 тоннадан аспайтын  көлік құралдары
M3 жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннадан жоғары  көлік құралдары 750 000
N3 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 12 тоннадан асатын  көлік құралдары

Сертификат бағдарламасы көлік санатына қатысты ешқандай шектеу қоймайды. Жеңілдік сертификатымен отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын алуға болады.

Сонымен қатар Бағдарлама асында бір автокөлік сатып алғанда екі сертификатты біріктіріп пайдалануға болады. Және де сертификатты өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі тіркелген күннен бастап 12 ай.

Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Регламенттейтін құжаттар

Құжаттарды беру
қағидалары

қарау

Құжаттарды беру
қағидаларына қосымшалар

қарау

Қалай тапсыру керек?

Ескі көлікті сертификатқа алмастырудың қарапайым үш қадамы.

Жиынтығын
бағалаңыз

Құжаттарды
дайындаңыз

Көлігіңізді
тапсырыңыз

Сертификат құны

 

550 000 тг

750 000 тг

Шанақ
Шасси
Капот қақпағы
*Есіктер
Меңгерікті басқару жүйесі
*Дөңгелекті қорғаушы жабын (қанатша)
*Қозғалтқыш аспалы құрылғысымен
**Қозғалтқышты салқындатушы радиатор
*Дөңгелектер
Беріліс қорабы
Аккумулятор
**Өзге де салқындатқыш
жүйелер немесе сұйықтықтар
**Таратқыш қорабы,
белдемелер және белдеме
редукторы, ірі торапты
детальдар, жүрісті бөлік,
кардан білігі
Газдады сыртқа
шығаратын жүйе
детальдары
**Сорғы сияқты
гидравликалық құрылғылар
(компрессор) бак,
цилиндрлер, таратушы

*Штатты санында
**Өндіруші жарақтаған штатты орнында тұрған болса

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402