RU KZ

Қаптама қалдықтарын кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін құжаттар тізбесі

Оператормен шарт жасасу үшін орындаушы оператордың атына төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Оператормен 2021-2022 жылдары тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға келісім. Келісім орындаушы кәсіпорынның бірінші басшысының қолымен еркін нысанда рәсімделеді және онда 2021-2022 жылдары кәдеге жаратуға жоспарланған қаптама қалдықтарының түрлері және осы қалдықтарды кәдеге жаратудың жоспарланған массасы туралы мәліметтер (2021 және 2022 жылдар жеке көрсетілген) болуға тиіс;
  2. Қалдықтарды пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы өтініш (нысан бойынша);
  3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат және оның негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алынған жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
  4. Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, дара кәсіпкер үшін-мемлекеттік тіркеу туралы талон/куәлік/хабарлама.
  5. Негізгі құралдардың және (немесе) қорлардың (қаптама қалдықтарын пайдалану және (немесе) кәдеге жарату және өлшеу бойынша жабдықтар бөлігінде) түгендеу тізімдемесі.

Сізді қызықтырған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды «ӨКМ Операторы» ЖШС (БСН 151140025060) мекенжайына Documentolog немесе Doculite электрондық құжат жүйесі арқылы ұсынуды сұраймыз. Құпиялылық туралы келісім жобасымен танысуыңызды сұраймыз.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
200104