RU KZ

Электр қуаттау стансаларының инфрақұрылымдық дамуы

Электр қуаттау стансаларының инфрақұрылымдық дамуы бойынша пилоттық жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 3 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қаблеттілік» Қазақстан халқына жолдауында электр көлік өндірісін дамытып, оған қажетті инфрақұрылымды жасақтау қажеттілігі туралы айтты. 2017 жылы Оператор Қазақстан Республикасында электр қуаттау стансаларының (ЭҚС) инфрақұрылымдық дамуы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды қолға алды.

Аталған бағыттағы жұмыс ӨКМ Операторына ҚР Экологиялық кодекстің 285-2 баптың 10) тармағына сәйкес жүзеге асыру тапсырылды.

2017 жылдың 21 тамызда ҚР ИДМ электр көлік өндірісін дамытуды және оған қажетті инфрақұрылымды құрудың пилоттық жобасын мақұлдады. ЭҚС инфрақұрылымды құруды жүзеге асыру бойынша «ӨКМ Операторы» ЖШС анықталды. 25 тамызда ҚР ИДМ Жол картасын бекітті.

2018 жылдың 21 ақпанда «ӨКМ Операторы» пилоттық жобаны дамыту, ЭҚС желесін құруға қаражат бөлу, кәсіпорынның дұрыс қызмет атқарып тұруы мен  станса желілерін одан әрі дамына қолдау көрсетіліп, нарықтық механизмдермен қаржыландыру  үшін «Операторы ЭЗС» еншілес кәсіпорыны құрылды.

Экологиялық транспорты дамыған елдердің тәжірибесіне жүргізілген талдауға сүйеніп, алғашқы кезеңде электр көліктерінің санына 1:5 байланысты ЭҚС дамыту қабылданды. ҚР ЭҚС желісін құру (ҚХР үлгісінде) көпшілік жүретін жерлерге орнату жүзеге асырылды. 1-3 сағатта электр көлігін 22кВт дейін ауыспалы тоө көзімен қуаттауға мүмкіндік береді.  ЭҚС ірі мемлекеттік мекемелер алаңына, спорт кешендерін маңына, сауда ойын-сауық орталықтарының тұрағына және тұрғын үй кешендері ауласына орналасатын болады.

Жоба аясында халықаралы стандартқа сай IEC 62196-2 және IEC 61851-1 жаңа ЭҚС орнатылады. Бүгінгі күнде әлемде қолданыстағы  стансалар 1 ден 4 сағат аралығында электр көліктерін қуаттап бере алады. Қуаттау қондырғысында барлық ауыспалы тоқ көздері қатар жұмыс істейді. ЭҚС бір мезетте 4 авто көлікті қуаттай алады. Орнатылған әрбір ЭҚС қуаттылығы 51 кВт. Тоқтың шықпау  үшін  дифференциалды қорғаныс қауіпсіздігі, апатты жағдайда кернеудін өшіру, қуаттау кезінде «Mennekes» тип 2 розетканы бұғаттау, сондай-ақ қуаттап болғаннан кейін тоқ көзінен автоматты түрде сөндіру датчигі қарастырылған.

Жобаның алғашқы қадамы: 100 ЭҚС Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына және Нұр-Сұлтан – Бурабай тас жолына орнату.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру ЭҚС инфрақұрылымын құруды ынталандырып, электр көлік паркін дамытуды, сондай-ақ экологиялық және экономикалық әсерін беру керек:

Экологические преимущества: пп Ауаның ластануын азайту; Ұлт денсаулығы; Қазақстан Республикасындағы таулы аймақтардағы мұздықтардың еруін тежеу; Сирек кездестін аңдарды сақтау (қар барысы сияқты); Гүріл мен дірілді азайту; Жылу бөлуді мөлшерін қысқарту;  және т.б.

Экономикалық артықшылығы: 2013 жылдың соңында «Бір жол – бір белдеу» жобасы іске қосылды. Жоба аясында әлемдегі он шақты мемлекетте  ғаламдық транспорттық-логистикалық инфрақұрылым құруды қарастырған. Қазақстан Жібек жолының «жасыл» дәлізі ретінде электр көлігіне өткен Еуропа мен Қытайдың экспорттық-импорттық әлеуеті Қазақстанға инвестиция тартуға негіз болады.

ЭҚС желісін пайдаланушылар үшін электр көлікті қуаттайтын «RFID» картасы алу үшін компания кеңсесіне келіп жеке мәліметін ұсынып, сондай-ақ  www.oecs.kz  сайты арқылы тапсырыс беру арқылы рәсімдеуге болады.

Егер де Сізде бұған дейін «RFID» картасы болса, ЭЗС Операторының сайтына картаны қайта тіркеу арқылы оның дұрыс жұмыс істейтіндігін қамтамасыз ете аласыз.


Электр көлігін қуаттаудың нұсқаулығы

ТОҚ КӨЗІНЕ ҚОСУ 

Стансадағы жарықдиодтық индикатордың жанып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Ол стансаның жұмыс істеп тұрғандығын көрсетеді. Электр көлігінің кабельін стансадағы тоқ көзіне сәйкес келетін ұяшыққа жалғаңыз (Туре1 немес Туре2).

СӘЙКЕСТЕНДІРУ

 

Қуаттау картасын станса корпусындағы есепке алатын жеріне тигізу керек. Картаны сәйкестендіру сәтті жүргізілгенде сары түс жыпықтайды. Жасыл лүпілді белгі розетканың бос екендігін көрсетеді.

 

ҚУАТТАУ

Қуаттау кабельіне сәйкестендіру сәтті жүргізілгенде істікше бұғатталып, қуаттау режиміне көшеді.

Қуаттау кезінде жарықдиодтық индикатор көк түсте жанып тұрады.

Сіз толық қуаттауды күтуге немесе қуаттау сессиясын тоқтатуды,  қуаттау  картасының көмегімен жүргізе аласыз.

ТОҚ КӨЗІНЕН АЖЫРАТУ  

Сіз қуаттауды кез-келген уақытта  қуаттау  картасы арқылы тоқтата аласыз.

Картасын станса корпусындағы есепке алатын жеріне тигізгенде шертпек дыбысы шығады. Кабель бұғаттан босайды және қуаттау тоқтайды.

Қуаттау кабельінің істікшесін қуаттау стансасының


Қазақстанда электр көліктеріне арналған алғашқы қуаттау стансалар желісі

Қала Саны
Нұр-Сұлтан 51 станса, 30 локация
Алматы 52 станса, 24 локация

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402