RU KZ

Электроника және қауіпті тұрмыстық  қалдықтар

Электроника және қауіпті тұрмыстық  қалдықтар

Электр және электрондық жабдықтардың тауарларына (өнімдеріне) ӨКМ қағидаттарын қолдану 2017 жылғы 23 қаңтардан бастап күшіне енді. Жаңартылған және өзектендірілген  тізілім  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 555 бұйрығымен  бекітілген. Оған мыналар кірді: бастапқы элементтер мен алғашқы батареялар, герметикалық бағытталған жарық шамдарын, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; сынабы бар доғалы шамдар; сынабы бар медициналық немесе ветеринарлық термометрлер; ірі габаритті электр және электрондық жабдық; орташа габаритті электр және электрондық жабдық; шағын габаритті электр және электрондық жабдық.

Электр және электронды жабдықтардың қалдықтары

Оператор барлық республика бойынша мердігерлік ұйымдар жүзеге асыратын жеке тұлғалардан электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын (ЭЭЖҚ)  жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүргізеді.

ЭЭЖҚ жыл сайынғы пайда болу көлемі жылына 135,8 мың тоннаны құрайды. 2017 жылы ЭЭЖҚ өңделген көлемі 2 461,4 тоннаны құрады, оның ішінде:

– 885 тонна ірі габаритті ЭЭЖ қалдықтары;

– 1 357 тонна орташа габаритті ЭЭЖ қалдықтары;

– 219 тонна ұсақ габаритті ЭЭЖ қалдықтары.

2018 жылы мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттемелерге сәйкес жинауға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жататын ЭЭЖҚ көлемі 5 950 тоннаны құрайды.

ЭЭЖҚ  қайта өңдеудің экологиялық   аспектілері

Тиісті экологиялық нормалар мен ережелерді сақтаған кезде қоршаған ортаға ЭЭО-ның бір тоннасынан келесі зиянды заттардың түсуіне жол берілмейді:

1 тонна ЭЭЖ-ның баспа платаларының қалдықтарын өңдегенде 286 гр-ның бромды антипирендер (BFRs), 26 гр тетрабромбисфенола-A (ТББФА), 800 гр. полибромирленген дифенил эфирлері( ПБДЭ), 20 гр. бериллий, 76 гр. сынап, 13 гр. кадмия және 9 гр. арсенид галлий (GaAs)  түсуіне жол берілмейді;

электр-сәулелі түтіктері (ЭЛТ) бар қайта өңделетін ескі теледидарда 1 тоннаға 2-3 кг қорғасын, 2,4 кг қорғасын оксиді (PbO), сондай-ақ шамамен 4 кг барий қосындысы  шығады;

әртүрлі пластик пен полимерлерді өңдеп, қоршаған ортаға тыныс алу жолдарының, мидың, жалпы орталық жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің шырышты қабығының зақымдануына себеп болатын, сондай-ақ баланың дамуына зиянды әсер ететін поливинилхлоридтің (ПВХ) және политетрафторэтиленнің (ПТФЭ) түсуінің алдын алады;

тоңазытқыштар мен мұздатқыш құрылғыларды қайта өңдеу қоршаған ортада жинақтауға және зиянды қасиеттерін ұзақ сақтауға қабілетті хлорфторкөміртектердің, гидрохлорфторкөміртектердің, фторкөміртектердің қоршаған ортаға түсуіне жол бермейді, сондай-ақ мұздатқыш құрылғылардың 1 тоннасында атмосфераның жоғарғы қабатының озон қабатын зиян келтіруге қабілетті шамамен 8,8 кг фреон және ұқсас қосылыстар болады.

Экологиялық әсерден басқа экономикалық (әлеуметтік) нәтижеге қол жеткізілді. Кәсіпорындарда жалпы алғанда 120-ға жуық қызметкер жұмыс істейді, бұл өткен кезеңдерден 25% артық.

Құрамында сынап бар қалдықтар

Оператормен 2016-2017 ж. Қазақстан Республикасында сынабы бар шамдарды және химиялық қоректену көздерін жинау үшін контейнерлерді дайындау және елді мекендерде орналастыру бойынша екі пилоттық жоба жүзеге асырылды. Барлығы Астана қаласы үшін 370 контейнер және республиканың 10 өңіріне – 1 951 контейнер дайындалды және пайдалануға берілді:

Көрсетілген контейнерлер саны (2 321), оларға қызмет көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, бір ай ішінде 325 мың сынап бар шамдарды және 11,6 мың термометрді, сондай – ақ 464 данаға дейін батарейкаларды жинауға мүмкіндік береді (бір контейнерде 80 дана 1200 мм желілік шам, 140 дана 600 мм желілік шамдарды, 350 дана шағын шамдарды және термометрлерді және 0,038 текше метрге дейін химиялық қоректену көздерін орналастырады).

Контейнерлерде жиналатын қалдықтарды қызмет көрсетуші компания алып, одан әрі демеркуризациялау үшін кәсіпорынға тасымалдайды. Кәсіпорында шамдар арнайы қондырғыға орналастырылады, онда вакуум жағдайында сынап буы арнайы химиялық реагентпен өңделеді, содан кейін олар залалсыздандырылады. Одан әрі, шыны мен металл цокольдер кәдеге жаратуға жіберіледі.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102