RU KZ

ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛДІ

Іле-Алатау ҚТҚ бөлек жинаудың инфрақұрылымы толыққанды ұйымдастырған Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк.

Ұлттық парк аумағында қалдықты бөлек тастау екі фракция бойынша жүзеге асырылуда. «Құрғақ» – қайта өңделетін қайталама шикізат (пластик, қағаз, шыны, металл) және «дымқыл» –  оған тамақ және органикалық қалдықтар салынады. Парк аумағында барлығы 30-дан астам жаңа қалдық алаңдары орнатылып, оған 225 контейнер сатып алынды. Қалдықтарды сұрыптап тастау туралы ақпарат үш тілде жазылды. 135 контейнер қайталама шикізатты жинауға арналса,  қалған 90 «жасыл» тамақ қалдықтарын қабылдауға қойылған. ӨКМ Операторы парк аумағына қойылған контейнерлерді сатып алуға 33 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Қазақстанда жиналған арнайы техника қалдықтарды шығаратын болады. Екі секциялы жаңа қоқыс тасығыштар таулы жерлерге арналған. Техниканың модельі ӨКМ Операторы тапсырысы бойынша жобаланған. Машинаның артқы жүктемесі бар және престеу жүйесімен жабдықталған. Қоқыс тасығыштың техникалық сипаттамалары қайталама шикізатты да, тамақ қалдықтарын да бір рейспен жинауға мүмкіндік береді. ӨКМ Операторы арнайы техниканың екі бірлігін сатып алуға 110 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

Саябақтың жалпы ауданы 199 202 га құрайды және 5 филиалдан тұрады. Олар – Түрген, Талғар, Медеу, Ақсай, сондай-ақ Алматы мемлекеттік қорығы. Жыл сайын Іле-Алатау МҰТП 6000 м3 астам ҚТҚ шығарылады. 2019 жылы Ұлттық паркке 300 901 адам келді. Паркте 43 туристік соқпақ жолды бағдар бар. Іле-Алатау паркінің басшылығы 2030 жылға дейін парк аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейін 85% – ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қалдық алаңдары Алма – Арасаң, Мұзтау, Қимасар, Аққайын, Қаскелең, Ақсай, Есік, Түрген және т. б. шатқалдарда орнатылған. ҚТҚ сұрыптау Алматы қаласында орналасқан қоқыс сұрыптау кешенінде жоспарланып отыр.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
200104