ӨКМ Операторы туралы
«Оператор ӨКМ» ЖШС – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1137 қаулысымен Қазақстандағы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыруға жауапты уәкілетті ұйым. ӨКМ операторы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органына есеп береді.
ӨКМ операторы өнім (тауарлар) қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құруға және осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, «жасыл» технологияларды енгізуді жүзеге асырады.
Қызметтің негізгі бағыттары: ӨКМ қолданысына кіретін тауарлардың (өнімдердің) қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру.
Компания Қазақстанның барлық аймақтарында қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жүргізуде. Мамандандырылған ұйымдардың тізбесі тізілімде ұсынылған.
Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі
өніммен келтірілген залал үшін жауапкершілік жүктеу жолымен бүкіл тіршілік циклі бойында экологияға өніммен көрсетілетін теріс әсерді азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегия, әсіресе өнімді жинау, қайта өңдеу және оны өндірушіге немесе импорттаушыға түпкілікті кәдеге жарату жөніндегі міндеттер.