RU KZ

ӨКМ енгізудегі халықаралық тәжірибе

Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі – ӨКМ

XX ғасырдың 80-ші жылдары экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының «ластаушы төлейді» тұжырымдамасы өндірушінің өзі өндірген өнім үшін оның соңғы кәдеге жарату кезеңін қоса алғанда, бүкіл тіршілік циклі бойы жауапкершілігіне дейін кеңейтілді.

ӨКЖ (Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі) –өніммен келтірілген залал үшін жауапкершілікті, әсіресе өнімді жинау, қайта өңдеу және оны өндірушіге немесе импорттаушыға түпкілікті кәдеге жарату жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен бүкіл өмірлік цикл бойы өніммен көрсетілетін экологияға теріс әсерді азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегия.

Кейінірек ӨКМ принципі ЕО деңгейінде енгізілді, ол әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

ӨКМ идеясы:

Өнім өндіру кезеңінде өндірушілерді экологиялық салдарды ескеруге түрткі болатын басқару стратегиясы.

ӨКМ мақсаттары:

Қалдықтардың түзілуін қысқарту және өнімді пайдалану (қайта өңдеу) деңгейін арттыру:

  1. Қалдықтардың түзілуін болдырмау;
  2. Экологиялық неғұрлым қолайлы материалдар мен процестерді пайдалану;
  3. Материалдық ресурстарды пайдаланудың тұйық циклдарын құру;
  4. Ұзақ қызмет ету мерзімі бар өнімдерді жасау;
  5. Жеңіл өңделетін өнімдер өндірісі;
  6. Материалдарды қайта өңдеу және қайта пайдалану пайызын ұлғайту;
  7. Қалдықтарды басқару үшін шығындарды өндірушіге «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес жүктеу.

ӨКМ жүйесі:

Өндірушінің жеке жауапкершілігі: өндіруші өзі пайдаланылған өнімді жинауды және өңдеуді ұйымдастырады

Өндірушінің ұжымдық жауапкершілігі: Үкіметпен бекітіледі немесе өндірушілер пайдаланылған өнімді мүшелік жарна қаражатына жинауды және өңдеуді ұйымдастыратын бірлестікті құрады (ӨКМ операторы).

ӨКМ тауарлары (әдетте көптеген елдерде)

  • автокөліктер, материалдар және оларға жабдықтар (аккумуляторлар, майлар, автошиналар));
  • орау (қағаз, пластмасса, шыны, металл);
  • электр және электронды жабдықтар (батареялар, аккумуляторлар, компьютерлер, тұрмыстық техника);
  • тұрмыста қолданылатын химиялық заттар (еріткіштер, бояулар));
  • медициналық препараттар;
  • кілемдер;
  • құрылыс материалдары;
  • кеңсе керек-жарақтары;
  • жиһаз.

ӨКМ ТҮРЛЕРІ

  • міндетті
  • ерікті
2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102