RU KZ

Ақшалай өтемақы

Бағдарламаның сипаттамасы

Автокөлік атмосфералық ауаны ең ірі ластаушылардың ішінде үшінші орынға ие. Автомобиль санының күрт өсуі салдарынан ірі қалаларда көміртегі оксиді мен азот диоксиді концентрациялары ұлғайып кетті, бұл осы заттардың концентрациясының орташа жылдық  нормасынан асып түсті. Ауаны негізгі ластаушылардың бірі жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін ескірген автомобильдер болып табылады. Жаңа көліктермен салыстырғанда ескі көліктерден шығатын газдардың зияндылығы ондаған еседен асып кетеді. Қазақстандағы автомобиль паркінің жалпы тозуы жоғары деңгейде қалып отыр. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде тіркелген жеңіл көліктер саны 3853,0 мың бірлікті құрады.

Қалай өткізу керек?

Тозығы жеткен көлік құралын ақшаға тапсырудың қарапайым үш қадамы.

Жиынтық санын бағалаңыз

Жиынтық бөлімінде меншігіңіздегі көлік құралына алдын ала бағалау жүргізіңіз.

Құжаттар әзірлеңіз

Тізімде көрсетілген қажетті құжаттарды жинау (заңды және жеке тұлғаларға).

Тозығы жеткен көлікті тапсырыңыз

Тозығы жеткен көлік құралын аймағыңыздағы қабылдау бекетіне жеткізуді өзіңіз жүзеге асырасыз

Құжаттар

Жеке тұлғаларға қажетті құжат:

    1. Ескі көлікті жоюға қабылдау жөнінде өтініш;
    2. Құжат көшірмесі, жеке бас куәлігі (өтініш беруші ҚР резиденті болмаса паспорт көшірмесі);
    3. Банктік есеп шот бар екендігі туралы банктен анықтама;
    4. Автокөлік құралын жоюға рәсімделгені (тіркеуден шығарылды) туралы хаттаманың түпнұсқасы;


Заңды тұлғаларға қажетті құжаттар

  1. Тозығы жеткен көлік құралдарын кәдеге жарату үшін қабылдау туралы өтініш;
  2. Көлік тапсырушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Компанияның деректемелері (реквизиты);
  4. Кәдеге жарату үшін көлік құралдарын тіркеу (тіркеуден шығару) актісінің түпнұсқасы;
  5. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (анықтама берілген күннен бастап 10 күнге жарамды);
  6. Басшы және бас бухгалтер қол қойған, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген өкілдің атына берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
  7. Басшының лауазымы мен өкілеттігін растайтын, осы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құжаттың көшірмесі (құрылтайшының (құрылтайшылардың) заңды тұлғаның басшысын тағайындау туралы шешімі);
  8. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның мүлікті есептен шығаруға, кәдеге жаратуға және оған өтемақы алуға келісімі (бұйрығы, шешімі, рұқсаты) мемлекеттік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер.
    * қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

Өтемақы құны

54 АЕК
(157 518 тг)
72 АЕК
(210 024 тг)
126 АЕК
(367 542 тг)
144 АЕК
(420 048 тг)
198 АЕК
(577 566 тг)
216 АЕК
(630 072 тг)
Көлік санаты
М1, N1
М1, N1
М2, N2, N1
М2, N2, N1
М3, N3
М3, N3
Шанақ
Шасси
Қақпақ
Жүксалғыш қақпағы
*Есіктер
*Дөңгелектер
*Дөңгелекті қоршаған
жабын
Қозғалтқыш
Қозғалтқыш аспалы
құрылғысымен
Радиатор
Редуктор
Аккумулятор
Беріліс қорабы
Таратқыш қорабы, редуктормен бірге толық жиынтықтағы белдемелер, ірі түйіндер, аспалы жүріс бөлігі, кардан біліктері (Өндірушіде қарастырылған болса штаттық орындарда болуы қажет)

*Штатты саны

Санат КҚ классификациясы
N1 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары
M2 жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннаға жетпейтін көлік құралдары
N2 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан бастап, 12 тоннадан аспайтын  көлік құралдары
M3 жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннадан жоғары  көлік құралдары
N3 жүк тасымалына арналған максималды салмағы 12 тоннадан асатын  көлік құралдары

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355