RU KZ

Баспасөз орталығы

10 сәуірде ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға арналған квота жаңартылады

Поделиться:

 10 сәуірден бастап ӨКМ Операторы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдауға квота бөлудің жаңа жүйесін енгізеді. Енді әр айдың 10-ы күні ағымдағы жылға арналған бос лимиттер болған жағдайда қабылдау кезегі ашылады. 10 сәуірде 300 бірлік аграрлық техника, оның ішінде 100 комбайн мен 200 тракторды тапсыруға квота ашу жоспарлануда. Өтінім беру recycle.kz сайтында электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады («Ескі көліктерді қабылдау» бөлімі). Істен шыққан агротехниканы тапсырушыларға квота алу ыңғайлы болу үшін бос орындарды толтыру қағидасы бойынша жүргізіледі. Яғни аймақтарға бөліп қарастырылмайды.

Ескі агротехниканы қабылдау Қазақстанның 14 өңірінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Орал, Өскемен, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент, Павлодар, Алматы және Тараз қалалары. Ауылшаруашылық техникасы жеңілдік сертификаттарының орнына қабылданады. Жеңілдік сертификатының номиналы ауыл шаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Айталық, комбайн тапсырғанда  зауыттан шыққандағы салмағынан 50%-дан асатын болса (толық жиынтықтағы) 2 млн теңгеге жеңілдік сертификаты беріледі. Толық емес жиынтықтағы комбайн тапсырған 1,5 млн теңге ала алады. Толық жиынтықталған трактор үшін жеңілдік мөлшері 1 млн теңгені құрайды. Толық жиынтықталмаған тракторға (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) номиналы 560 мың теңге сертификатқа айырбастауға қабылданады.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда өндірілген кез келген ауыл шаруашылығы техникасын немесе жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алу кезінде пайдалануға болады. Көлік құралын сатып алу кезінде екі сертификатты біріктіруге, сонымен қатар сертификатты басқа адамға қайта тіркеуге мүмкіндік бар (бірақ екі реттен көп емес). Сертификат тіркелген сәттен бастап қолданылу мерзімі-12 ай.

 

 

Тозығы жеткен ауыл шарушылық техникасының түрі

 

Жиынтық Жеңілдік сертификатының құны

Комбайн

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан жоғары)

– кабина;

– трансмиссия (жетекші белдем, беріліс қорабы,  артқы арқалық);

– қозғалтқыш;

– корпус;

-бункер.

2 000 000 теңге (толық жиынтық)

 

Комбайн

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан кем)

 

– кабина;

– (жетекші белдем, беріліс қорабы,  артқы арқалық);

– корпус;

 

-бункер.

 

 

1 500 000 теңге (толық емес жиынтық)

Трактор

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан жоғары)

– кабина;

– қозғалтқыш;

-трансмиссия (сыңар рама, беріліс қорабы, артқы белдем, егер алдыңғы белдік болған жағдайда);

 

1 000 000 тенге (толық жиынтық)

 

Трактор

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан кем)

– кабина;

– трансмиссия (сыңар рама,  беріліс қорабы, артқы белдік, егер алдыңғы белдік болған жағдайда).

 

560 000 тенге (толық емес жиынтық)

 

«ӨКМ Операторы» баспасөз қызметі

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355