RU KZ

Баспасөз орталығы

18 қаңтардан бастап ауылшаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылданады

Поделиться:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы істен шыққан ауылшаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау квотасының мөлшерін келісті.  Аталған бағдарламаны іске асыру аясында жыл соңына дейін қабылдау бекеттері 2380 бірлік аграрлық техниканы: 1900 бірлік тракторды; 480 бірлік комбайнды қабылдауды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау Қазақстанның 11 аймағында екі кезеңде жүзеге асырылады: 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында.

Биылдан бастап агротехниканы өткізушілерге ыңғайлы болу үшін recycle.kz сайтында алдын ала өтінімді қарайтын жүйе енгізілді. Сол арқылы көлік тапсырушы техникасын электронды кезекке қоя алады. Ол үшін ауыл шаруашылығы техникасының иесі арнайы электрондық үлгіні толтырады. Оған керегі екі құжат: жеке куәлік және техниканы тіркеуден шығарғандығы туралы анықтама және ауыл шаруашылығы техникасының жан-жағынан түсірілген бірнеше суреті қажет. Өтінім мақұлданған жағдайда, автоматтандырылған жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат береді.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады.

Тозыға жеткен ауылшарушылық техникасын кәдеге жаратуға тапсыру үшін ӨКМ Операторының www.recycle.kz ресми сайтына кіріп,  кезекті алдын ала броньдауға өтінім толтыру қажет.  Сол жерде «қалдықтарды басқару», «Ескі көліктерді қабылда» бөлімдеріне өту керек. Ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыру мәселелері бойынша төменде көрсетілген телефон арқылы кеңес алуға болады: +7 747 141 1949

Аймақтар Қабылдау бекеттерінің мекен-жайы
1 Қостанай Карбышев көшесі,  18 В
2 Петропавл Жамбыл көшесі, 249
3 Көкшетау Уалиханов көшесі, 183К
4 Ақтөбе 41 разъезд, д. 392
5 Қарағанды Қарағанды облысы, Доскей ауылы , 028, участок 1724
6 Талдықорған Индустриальды аймақ, Центральная көшесі, 19
7 Қызылорда Сабалақ көшесі, 30
8 Шымкент Шымкент-Алматы тас жолы (бұрынғы базар)
9 Павлодар
10 Тараз  Ниетқалиев көшесі, 93
11 Алматы

 

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
172799