RU KZ

Баспасөз орталығы

2019 жылы Қазақстанда 112 мың тоннаға жуық автокомпонент және қаптама қалдығы жиналып қайта өңделді

ӨКМ Операторы Қазақстандағы қайта өңдеу саласын дамыту бойынша жүргізілген ынталандыру шараларына қорытынды жасады. 2019 жылы ӨКМ Операторы қаптама қалдықтарын жинайтын және қайта өңдейтін мамандандырылған ұйымдарға 1,156 млрд теңге көлемінде қаражат төледі. Айта кету керек өткен жылы қаптама өндірушілері мен импорттаушыларынан тауар қаптамасы үшін төлем алынған жоқ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Оператормен жасалған тиісті келісімдерге сәйкес төмендегі қалдықтар жиналды және қайта өңделді:

 

Қалдық түрлері

Жиналған және қайта өңделген көлем, тонна

 

1 Полимер (пластмасса)   9 799, 397
2 Қағаз, картон   14 985, 576
3 Шыны 25 343, 583
4 Металл 193, 793
Қорытынды 50 322,349

 

Сонымен қатар Оператор пайдаланылған автокомпонент қалдықтарын (шина, аккумулятор, автосұйықтықтар) жинау және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізді. Аталған қалдық түрлері бойынша жиналған және қайта өңделген қалдықтардың жалпы көлемі 61,5 мың тоннаны құрады. Ал өңдеуші кәсіпорындарға 2,9 млрд теңге көлемінде өтемақы бағытталды:

 

Қалдық түрлері Жиналған және қайта өңделген көлем, тонна
1 Шина 25 222,203
2 Аккумулятор батареялары   18 611, 177
3 Автокөлік сұйықтықтары 17 618, 541
Қорытынды 61 451,921    

ӨКМ Операторы Қазақстанда қалдықты жинайтын және қайта өңдейтін  60-тан астам кәсіпорынмен жұмыс істейді. 2019 жылы қайта өңдеу саласында қаптама және автокомпонент қалдығын кәдеге жарататын 12 жаңа кәсіпорын іске қосылды.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402