RU KZ

Баспасөз орталығы

Алматы мен Шымкент қаласында ашық ескі күндері өтеді

Алматы мен Шымкент қаласында тозығы жеткен көліктерді қабылдайтын бекеттерде көшпелі ашық есік күндері өткізіледі. Екі аптаның ішінде ӨКМ Операторы мамандары ескі көлігін өткізуші азаматтарға кеңес беретін болады. Сондай-ақ, автоматтандырылған ақпараттық жүйе (электронды кезекке тұру) жұмысын таныстырып, ұсыныстар мен арыз-шағымдар қаралады.

Алматыда ашық есік күндері мамырдың 25-30 аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Кеңес беру қызметін істен шыққан  көлік  құралдарын жүзеге асыру бөлімінің менеджерлері Санжар Сұлтанов пен Гүлназ Асанова көрсететін болады. Қабылдау бекетінің мекен-жайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Достық 4 В көшесі. Анықтама телефоны: 8 7717664302 (Алматыдағы қабылдау бекеті), 8 (707) 772-79-62 (WhatsApp «ӨКМ Операторы» ЖШС)

Шымкент қаласында көшпелі кеңес беру шарасы маусым айының 1-6 аралығында өткізіледі. Ашық есік күндері қабылдау бекеті орыналасқан мекен-жайда өтеді. Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы, құрылыс 95 А.  Анықтама телефоны: 8 7717664313 (Шымкенттегі қабылдау бекеті), 8 (707) 772-79-62 (WhatsApp «ӨКМ Операторы» ЖШС). Кеңес беру қызметін істен шыққан көлік құралдарын жүзеге асыру бөлімінің менеджерлері Санжар Сұлтанов пен Гүлназ Асанова көрсететін болады.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402