RU KZ

Баспасөз орталығы

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 6 есеге артты

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселесін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында көтерді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 3,2 мың полигонына 125 млн.тонна ҚТҚ жинақталған.

Анықтама: жыл сайын 5 млн.тоннадан астам ҚТҚ қалыптасады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсуі 5% құрайды. Ел халқының 70% – дан астамы қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтермен қамтамасыз етілген.

Ведомство басшысы атап өткендей, полигондардың 83% экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ. Сонымен қатар, 2016 жылы өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі тұжырымдамасын енгізумен ҚТҚ өңдеу үлесін 6 есеге (2,6-дан 15% – ға дейін) арттыруға қол жеткізілді.

Дереккөз: ortcom.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402