RU KZ

Баспасөз орталығы

Қазақстанда биыл 2 мыңнан астам ауылшаруашылық техникасы қайта өңдеуге қабылданады

Поделиться:

ӨКМ Операторы 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Ескі агротехникалар  еліміздің 11 аймағында қабылданатын болады. 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қаласындағы қабылдау бекеттері жұмысын бастайды. Ақпан айының 1-нен бастап Павлодар, Алматы, Тараз қаласы ескі агротехникаларды қабылдайды. Жеңілдік сертификатының құны тапсырылатын техниканың түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Тозығы жеткен аграрлық техниканы қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы бойынша биыл 1900 трактор және 480 комбайн қабылдауға квота бөлініп отыр.  Агротехниканы өткізушілерге ыңғайлы болу үшін recycle.kz сайтында алдын ала өтінімді қарайтын жүйе енгізілді. Сол арқылы көлік тапсырушы техникасын электронды кезекке қоя алады.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған кез келген санаттағы көлікті сатып алған кезде қолдануға болады. Сонымен қатар екі сертификатты біріктіруге және оны басқа адамның атына тіркеуге (2 реттен артық емес) болады.  Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды.

Айта кету керек тапсырылатын техника зауыттан шыққандағы салмағынан 50%-дан асатын болса толық жиынтыққа жатады. Айталық толық жиынтықтағы комбайнға  2 млн теңгеге жеңілдік сертификаты беріледі. Ал толық емес жиынтықтағы комбайнға берілетін сертификат құны 1,5 млн теңге болады. Сондай-ақ толық жиынтықтағы тракторлар үшін жеңілдік сертификатының мөлшері 1 млн теңге, толық емес жиынтықтағы машиналарға (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) 560 мың теңгенің сертификаты беріледі.

Тозығы жеткен аграрлық техниканы қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы еліміздегі ескерген ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынталандыруға және қайта өңдеу жүйесін құруға ықпал етеді.

 

 

Тозығы жеткен ауыл шарушылық техникасының түрі

 

Жиынтық Жеңілдік сертификатының құны

Комбайн

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан жоғары)

– кабина;

– трансмиссия (жетекші белдем, беріліс қорабы,  артқы арқалық);

– қозғалтқыш;

– корпус;

-бункер.

2 000 000 теңге (толық жиынтық)

 

Комбайн

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан кем)

 

– кабина;

– (жетекші белдем, беріліс қорабы,  артқы арқалық);

– корпус;

 

-бункер.

 

 

1 500 000 теңге (толық емес жиынтық)

Трактор

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан жоғары)

– кабина;

– қозғалтқыш;

-трансмиссия (сыңар рама, беріліс қорабы, артқы белдем, егер алдыңғы белдік болған жағдайда);

 

1 000 000 тенге (толық жиынтық)

 

Трактор

(зауыттан шыққандағы массасынан 50%-дан кем)

– кабина;

– трансмиссия (сыңар рама,  беріліс қорабы, артқы белдік, егер алдыңғы белдік болған жағдайда).

 

560 000 тенге (толық емес жиынтық)

 

ӨКМ Операторы баспасөз қызметі

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
172799