RU KZ

Баспасөз орталығы

Қазақстанда ескі көліктерді жоюға қабылдау жұмысы қайта жанданды

Ескі көліктерді жоюға қабылдау жұмысы карантинге байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Талдықорған, Семей, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақтан облысындағы қабылдау бекеттері өз жұмысын қайта жалғастырды. Барлық кәсіпорындар штатты режимде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қызмет етіп тұр. Сондай-ақ, 12-ші мамырдан бастап Шымкент, Қызылорда және Қарағанды қаласында тозығы жеткен көліктерді қабылдау бекеттері іске қосылады.

Ескі көліктерді recycle.kz сайтына кіріп, «көлік қабылдау» бөліміне өту арқылы кезекке тұруға болады. Өтінімді қарау үш күннің ішінде жүргізіледі. Естеріңізге салайық тозыға жеткен көлікті ақшалай өтемақыға немесе отандық жаңа көлікті сатып алғанда жеңілдік беретін сертификатқа алмастыруға болады. 2019 жылы 10 673 қазақстандық көлігіне ақшалай өтемақы алса, 25 151 адам көлігін сертификатқа алмастырды.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402