RU KZ

Баспасөз орталығы

Бір апта ішінде «EcoQolday» жобасы аясында 1700 тоннадан астам шикізатты қайта өңдеуге өтінім қабылданды

Поделиться:

15-21 наурыз аралығында «EcoQolday» жүйесінде 1729.3 тонна қайталама шикізатты жинап, оны қайта өңдеуге тасымалдаушылардын 202 өтінім берілді. Макулатура, пластик және шыны қалдығын тасымалдауға қатысты берілген өтінімдер бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні түскен өтінімдердің 38-і аяқталды. Яғни кәдеге жаратушы зауыттарға жеткізілді.

15-21 наурыз аралығында 1204,9 тонна қағаз-картон қаптама қалдықтар, 59 тонна полимер қалдықтары және 465,2 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді. Ұсынылған нарықтық баға бойынша макулатураның бір келісі үшін 35-67 теңге деңгейінде сақталды. Полимер үшін зауыттар 80-160 теңге және шыны ыдыс үшін 22-ден 28 теңгеге дейін ұсынады.

«EcoQolday» жобасы іске қосылған сәттен бастап ( 2021 жылғы 27 қаңтардан бастап) жүйеде 9980,2  тонна қайталама шикізатқа өтінімдер пысықталды. Қорытындысы бойынша 7075,70 тонна кәдеге жаратылды.

Қазіргі уақытта ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 200-ге жетті. Оның ішінде 70-і қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорын, 22-сі кәдеге жаратушы зауыт және 102 көлік компаниясы.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355