RU KZ

Баспасөз орталығы

Бір апта ішінде «EcoQolday» жобасында 1961 тоннадан астам қайталама шикізатты өңдеуге өтінімдер пысықталды

Поделиться:

5-11 сәуір аралығында «EcoQolday» жүйесінде 1961,8 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жинаушылардан 127 өтінім жасалды. Макулатура, пластик және шыны тасымалдауға 61 өтінім жұмыс үстінде, 66 өтінім аяқталған мәртебеге ие. Яғни кәдеге жаратушы зауыттарға жеткізілді. 05-11 сәуір аралығында шамамен 1434,2 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтары, 89 тонна полимерлі қалдықтар және 438,6 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді. Ұсынылған нарықтық баға макулатураның бір келісі үшін 40-85 теңге деңгейінде сақталады, полимер үшін зауыттар 80-180 теңге және шыны ыдыс үшін 22-ден 28 теңгеге дейін ұсынды. «EcoQolday» жобасы іске қосылған сәттен бастап ( 2021 жылғы 27 қаңтардан бастап) жүйеде 15349,7 тонна қайталама шикізатқа өтінімдер пысықталды. Қорытындысы бойынша 10667,70 тонна қаптама қалдығы кәдеге жаратылды. Қазіргі уақытта ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 222 -ге жетті. Оның ішінде қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар саны 74, кәдеге жаратушы зауыт саны 22 және 126 көлік компаниялары тіркеліп отыр.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355