RU KZ

Баспасөз орталығы

«EcoQolday» жүйесінде 70 мың тонна қайталама шикізат қайта өңдеуге жіберілді

Поделиться:

«EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 2 154 713 843,84 теңге төленді. Қазіргі уақытта жүйеде 4322 өтінім пысықталып, 70 515.3 тонна қайта өңдеуге жіберілді.

31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында «EcoQolday» жүйесінде 3 348,8 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жинаушылардан 191 өтінім берілді. Ал өткен аптада «EcoQolday» механизмі аясында қатысушыларға қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату үшін 158 975 490,72 теңге төленді.

7 күн ішінде 2499,3 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 276,7 тонна полимер және 572,8 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.

Ұсынылған нарықтық баға макулатураның бір килограмы үшін 40 -130 теңге. Полимер 135-265 теңге және шыны ыдыс үшін 18-ден 28 теңгеге аралығында.

Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 705 – ке жетті, оның ішінде 163-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 31-кәдеге жаратушы зауыттар және 511 көлік компаниялары тіркеліп отыр.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
200104