RU KZ

Баспасөз орталығы

«ЕcoQolday» жүйесінде қайталама шикізат тасымалдаудың  мыңыншы сапары жүзеге асырылды

Поделиться:

 

Бүгін сағат 14.56-да Тараз қаласынан «ЕcoQolday» жобасы аясында қайталама шикізатты тасымалдаудың мыңыншы сапары жүзеге асырылды. Мыңыншы тасымалдауды жүзеге асырған кәсіпорын «Demetra KZ» ЖШС болды. Қайталама шикізатты жинаушы Алматы қаласындағы «Kagazy Recycling» ЖШС зауытына 20 тонна макулатураны кәдеге жаратуға жіберді. Кәсіпкер «ЕcoQolday»-ға өтінім бергеннен кейін ( бұл қызмет 2021 жылғы 20 сәуірден кейін қолжетімді болады) ӨКМ Операторынан қалдықтарды жинауға, қайта өңдеуге және тасымалдауға өтемақы төлемдерін алады.

ӨКМ Операторының «EсoQoldaý» жобасы Қазақстанда қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды кәдеге жарату саласын қолдаудың жаңа цифрлық моделі болып саналады. Жаңа жұмыс форматына көшу осы жылы жүзеге асырылды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «EсoQoldaý» жүйесі шеңберінде барлығы 13 421 тонна қайталама шикізат жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға жіберілді.

Қазіргі уақытта «EсoQoldaý» жүйесінде саланың 216 қатысушысы тіркелген: Атап айтқанда қалдықтарды кәдеге жарату бойынша 22 мамандандырылған кәсіпорын, 74 қаптама қалдыған жинаушы және 120 қайталама шикізатты тасымалдаушы.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355