RU KZ

Баспасөз орталығы

Экологиялық білімді қалыптастырумен барлығы айналысуы керек – Әбенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы экологиялық білім» туралы сараптамалық баспасөз мәслихаты кезінде «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін үш министрлікпен бірге, яғни Білім, Экология және Ақпарат министрліктерімен бірлесіп, осы тақырып бойынша онлайн талқылау ұйымдастырған болатынбыз. Сол кезде мен қоғамда мынадай пікір бар екенін байқадым – Білім министрлігі барлығын жасауы керек деген. Ол дұрыс емес. Онымен барлығы айналысуы керек. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ол мәдени сала. Экологиялық өндіріс болуы үшін – өндірістік сала. Экологиялық білімді қалыптастыру үшін  – білім саласы. Бізде менікі деп айтпайды. Бір нашар жері – «сен істе, сен істе» деп басын алып қашады. Бұл – біздегі үлкен проблема. Сол себепті барлық ұйым, мекеме бірге жұмыс жасауы керек. Әрқайсысының өзінің бағыты бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласы өзінікін жасауы қажет. Себебі көп жағдайда ауыл шаруашылығы саласында жасалып жатқан кейбір мәселелерге көңіліміз толмайды. Осы ретте Ақпарат министрлігі осындай шараларды өткізіп, талқылауға түсіруі керек, – деді ол.

Әбеновтің сөзінше, ЭКСПО көрмесі кезінде халықаралық деңгейде керемет технологиялар келді.

Олар қоқыстарды қайта өңдеу, қоқыстардан энергия жасау. Елімізде РОП операторы бар. Олар қаржы жинап, сол қаражатқа көптеген экологиялық іс-шара өткізеді. РОП ұйымы ақша бөліп, мектептерде балаларды қоқыстарды сұрыптап, бөліп, оны дұрыс пайдалануға үйретіп жатыр. Алайда, олар бизнеспен айналысатын өндірістік компания. Дегенмен балаларды оқыту арқылы білім саласындағы мәселелерді шешіп қана қоймай, отбасында да қалдықтарды сұрыптап бөлуге үйретіп жатыр. Осындай компаниялар дұрыс сұрыпталған қалдықтарды қайта өңдеп, пайда жасай алады, – деді сарапшы.

Мұрат Әбенов қазіргі экологиялық тәрбие өндіріске өз пайдасын тигізетінін айтты.

Дереккөз: baq.kz

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102