RU KZ

Баспасөз орталығы

Елімізде тұрмыстық қалдықтардың 15%-ке жуығы қайта өңделеді

Жаңа Экологиялық кодекс еліміздегі қалдықтарды өңдеу ісін ширатады. Салалық қауымдастық өкілдері осыған сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы республикамызда қазір пластик, қағаз, шыны және алюминий банкілері өңделеді.

Бірақ өте аз мөлшерде. Халқымыз қоқыстың көбін сұрыптамай, тастай береді. Саланы алға бастырмай тұрған көп кедергінің бірі осы. Бұған қоса, кәсіпорын өкілдерінің қоқыс тарифтеріне де көңілі толмайды. Неге?

Қоқысты қайта өңдеу саласы дамып келеді. Дегенмен, өңдеуші кәсіпорындарды тариф мәселесі алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, қазіргі баға қоқысты тасымалдау, өңдеу мен сақтауға кететін шығындарды жаппайды. Сондықтан кәсіпкерлер қоқысқа төленетін тарифтердің қайта қаралғанын қалайды.

Шынболат Байкулов, Қазақстанның қалдықтарды реттеу жөніндегі қауымдастығының басқарма төрағасы:

– Бизнестің бұл түрін дамыту үшін қоқыс тарифтерін көтеруді ұсынамыз. Нәтижесінде кәсіпорындардың ауқымы кеңейтіп, қайта өңдеуден өтетін тұрмыстық қалдықтар көлемі артады. Барлығы қоршаған ортаның таза болуын қалайды. Ол үшін саланың жұмыс механизмін реттеу жеткіліксіз. Біз қоқысты түріне қарай бөліп жинауды қолға алуымыз керек.

Ал қарағандылық қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт өкілдері жұмыс көлемін екі есе арттыруға ниетті. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна қалдықты қайта өңдеп, 500 тонна пластик шығарады. Жақында мамандар тәулігіне 5 тонна қоқыс өңдейтін мобильді пункт ойлап тапқан. Кәсіпорынның экожүк көліктері облыстың мектептерін аралап, балаларға қоқысты саралаудың қажеттілігі туралы түсіндіреді. Жүк көліктің ішінде станоктар мен қоқысты бөлетін техникалар және қалдықтан қайта жасалып шыққан тұрмысттық заттар бар.

Нұржан Құндақбаев, қоқыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу зауытының директоры:

– Құрамында көміртегі бар кез келген қалдық уақыт өте келе ыдырап, планетаның ластуына әкеп соғады. Қоқысты саралап, оны қайта қолданысқа енгізу бүгінде әлем бойынша жалғыз тиімді жол екенін дәлелдеді. Бізде пайда болған өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы сияқты кәсіпорын бүгінде тұрмыстық қалдықтарды саралауға зор ықылас білдіріп отыр.

2015 жылы Қазақстанда тұрмыстық қалдықтардың тек 2%-і қайта өңдеуден өтсе, қазір бұл көрсеткіш 15% төңірегінде. Жылына ел аумағындағы полигондар 5 миллион тонна қоқыспен толығады. Қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазарту мақсатында Тұрмыстық қалдықтарды реттеу бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындау бастамасы көтерілді. Бағдарлама саланы қаржыландыруды арттырып, инвестициялар тарту көздейді.

Дереккөз: 24.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402