RU KZ

Баспасөз орталығы

Ескі көлік үшін 50 мыңға артық береді

Нарықтағы ең арзан машиналар қымбаттайды.

Қолданыстан шыққан көлік құралдарын қабылдаудың жаңа шарттарына сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап М1 (жеңіл көліктер) санатындағы машина үшін берілетін төлем айлық есептік көрсеткішке байланысты болады, енді 1-категориядағы (толық жиынтық) жеңіл көлік үшін 72 АЕК (200 016 теңге), ал 2-категориядағы (толық емес жиынтық) көлік үшін 54 АЕК (150 012 теңге) төленеді.

Бұрын бүлінбеген машина өткізгендерге 150 мың, ал бөлшектелген, бірақ құжаты түгел автокөлік өткізгендерге 48 мың теңге берілетін. Ал енді бұл төлем үш есе артты, ең бастысы машинаның шанағы, қозғалтқышы мен қорабы орнында болуы керек. Өтемақы екі күнде төленеді.

«ӨКМ Операторы» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, отандық жеңіл көлікті несиеге алуға мүмкіндік беретін сертификаттан бас тарту жөнінде шешім қабылданды. Олар тек автобустар мен жүк көліктері үшін беріледі. Бұрын өткізілген машинаға берілген сертификат онда көрсетілген мерзім аяқталғанша күшін жоғалтпайды.

Осы көктемде «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің ақпараттық жүйесі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің сервистік орталығымен біріктірілген еді. Нәтижесінде ескі автокөлікті өткізу үшін өтінімді қарау мерзімі екі күнге қысқарды. Көлік иесі ұсынған ақпаратты полиция базасымен салыстыру автоматты түрде жүргізіледі және ол бұрынғыдай бір ай емес, бір минутта жүзеге асады.

Қазіргі уақытта ескі көлік қабылдайтын орындар қайта жұмыс істей бастады. Утилизация бағдарламасы іске қосылған сәттен бері Қарағанды облысындағы қайта өңдейтін зауытқа 130 мың машина жіберілді.

Дереккөз: kolesa.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402