RU KZ

Баспасөз орталығы

ЕСКІ КӨЛІКТІҢ ҚҰНЫ АРТТЫ

Ескі көліктің де бағасы көтерілді. Әрі темір тұлпар иесі машинаның өтемақысын екі күн ішінде ала алады. Қала тұрғындары тек тозығы жеткен көліктерін емес, кейде кәдеге асатын тапсырып жатады. Автотұрақтағы көлік тапсыру жұмысы мен жаңа ережелер туралы келесі бейнематериалда.

Гаражыңызда тұрған ескі көлік кәдеге жарамайтынын білсеңіз, тапсырып жіберуге болады. Тозығы жеткен машинаны қабылдаудың жаңа ережесі екі тарапқа да тиімді. Бұған дейін 1-ші санаттағы көлікке тек 150 мың теңге төленсе, енді 72 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 200 мың теңге беріледі. Төлем жыл сайын өзгеруі мүмкін. Себебі айлық есептік көрсеткіш өссе, көлік құны да көтеріледі. Жаңа ереже 1-ші маусымнан бастап күшіне енді.

1-ші санаттағы көлік, яғни, толық жиынтық сақталса құны да артпақ. Бұл дегеніміз темір тұлпардың зауытта шығарылған қосалқы бөлектері ауыстырылмаған деген сөз. Қазір  қайта өңдеуге қабылдау аймағында  300-ге жуық көлік бар. Автомобильдердің ішіндегі ең ескісі –  ресейлік «Газ 21».  Зауыттан 1956 жылы шыққан. Бұған дейін қала тұрғыны 1946 жылғы «Запарожды» тапсыры пты. Көліктер осы жерде жинақталып, Қарағанды көлік зауытына жөнелтіледі.
Көлікті есептен шығару үшін арнайы құжатты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тапсыру қажет. Кейін анықтама беріледі.

Дереккөз: aktobetv.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402