RU KZ

Баспасөз орталығы

Ескірген ауыл шаруашылық техникаларын қайта өңдеуге арналған кластер құру тиімді ме?

Елімізде ескірген ауылшаруашылық техникаларын шығаратын зауыт салу қарастырылуда. Жобаның болжанған бағалау құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Ескірген ауылшаруашылық техникаларын қайта өңдеуге арналған кластер құру туралы ұсынысты ел Үкіметіне жауапкершілігі кеңейтілген өндірушілер – РОП операторының басшылығы ұсынып отыр.

Кешенге ауылшаруашылық техникаларын, жеңіл автомобильдер мен ауыр машиналарды қайта өңдейтін қондырғы кіреді. Жоба алдын-ала келісіліп, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен қолдау тапты. Зауыт қалдықтарды жинау және өңдеу саласындағы барлық заманауи стандарттарға жауап береді. Кластер құрамына қайта өңдеуге қабылданған көліктерден пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар кіруі мүмкін. Болашақта жұмыс істемейтін электронды жабдықтарды жинау және жою, пайдаланылған дөңгелектерді, пайдаланылған майларды қайта өңдеу және жылу майын шығару мүмкіндігі болжанып отыр. Осы жобада кластерлік тәсілді қолдану қалдықтарды қайта өңдеу саласының дамуына оң әсерін тигізеді, сонымен бірге шамамен 300-350 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бірқатар мамандар елімізде 2016 жылдан бастап ескі көліктердің утилизациясымен айналасып келе жатқан «Оператор РОП» ЖШС-ның әзірге бәсекелесі жоқ екендігін айтады.

Дереккөз: egemen.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402