RU KZ

Баспасөз орталығы

«EсoQoldaý» жобасына тағы 10 жаңа қатысушы қосылды

Поделиться:

ӨКМ Операторы «EсoQoldaý» жобасын жүзеге іске асырудың апталық қорытындысын жасады.. Соңғы жеті күн ішінде жаңа жүйеде жұмыс істеуге 10 жаңа компания қосылды. Атап айтқанда қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын 2 кәсіпкер және жүк тасымалдау үшін 8 көлік компаниясы. «EсoQoldaý» жүйесінде барлығы 215 қатысушысы тіркелген:

Қалдықтарды кәдеге жарату бойынша 22 мамандандырылған кәсіпорын, 73 қалдық жинаушы және 120 қайталама шикізатты тасымалдаушы. Автоматтандырылған жүйе қайталама шикізатты тасымалдау процесін нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаптама қалдықтарын жинау және кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындардың қуаттылығы картасы жасалады және  қалыптастырады. Бұл модель макулатураның, полимер өнімі қалдықтарының, шынының сатып алу құнының өсуіне әсер етті. Қаптаманың қалдықтары үшін бағалар келесідей өзгереді:

  • 35-70 теңге/кг шегінде картон-қағаз
  • 22-28 теңге/кг шегінде шыны
  • пластмасса 80-180 теңге / кг шегінде

Соңғы аптада 29 наурыз бен 4 сәуір аралығында жүйеде ресімделген жинаушылардың өтінімдеріне сәйкес 2061 тонна қаптама қалдықтары кәдеге жаратуға тасымалданады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «EсoQoldaý» жүйесі шеңберінде барлығы 13 421 тонна қайталама шикізат жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға жіберілді.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355