RU KZ

Баспасөз орталығы

ӨКМ ОПЕРАТОРЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Коронавирус індеті кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ӨКМ Операторы қалдықтарды жинайтын, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындарға ерекше қаржылай қолдау көрсету шарасын жүргізуді қолға алды, деп хабарлады Strategy2050.kz оператордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің келісімімен ӨКМ Операторы келісім шарт аясында  осы жылдың бірінші және екінші тоқсанында жиналатын және қайта өңделетін қалдық көлемі үшін алдын ала төлем жүргізуді бастайды. Аталған қаржылық көмек қалдықты жинайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарды қолдауға, әрі  сондағы жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталып отыр.

«Қаржылай қолдауға ӨКМ Операторы тендерін жеңіп алған, қайта өңдеу нарқында өзін жақсы жағынан таныта білген ұйымдар үміт арта алады. Аталған қолдауға шамамен 50-ден астам кәсіпорын ие болмақ», – деді ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма Төрағасы Медет Құмарғалиев.

Алдын ала берілетін төлемді алу үшін кәсіпорындар ӨКМ Операторына өтінім беріп, келісімдегі міндеттемелерін орындау бойынша сондай-ақ оны толығымен атқаратындығына кепілдік беретін қосымша келісім жасаулары   қажет. Айта кету керек осы жылдан бастап қалдықтарды жинау, қайта өңдеу қызметін атқаратындарды ӨКМ Операторынан бөлек, жаңадан құрылған қоғамдық топ бақылауға алып, мониторинг жасайтын болады.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға зор үлес қосу бағытында Оператор Қарағанды облысы, Балқаш көлінің жағасындағы «Дарьял-У» нысанында  жиналған улы полихлордифенил заттардан тазартуға қаржылай қолдау көрсететін болады.

«Балхаш көліне жақын жатқан аса қауіпті ПХД улы қалдықтар мен сол жердегі апатты қоймалардың жағдайына төтенше назар аударылып, аталған қалдықтарды қайта қаптап және мамандандырылған алаңдарда уақытша сақтауға қатысты ӨКМ Операторы 31 наурызда 110 млн. теңгеге тендер жариялады. Аталған жұмысты орындау нәтижесінде Қарағанды аймағандағы экологиялық өзекті проблемалардың бірі өз шешімін табатын болады», – дейді ӨКМ Операторының басшысы. Аталған жұмыстар Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігімен келісілген және Қарағанды облысының әкімдігі қолдау білдірген.

ӨКМ Операторы қызметінің стратегиялық бағыты қалдықтарды кешенді басқаруды дамыту. Сол арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және оларды энергия көзіне айналдыру болып саналады.

Дереккөз: strategy2050.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402