RU KZ

Баспасөз орталығы

ӨКМ Операторы істен шыққан көліктерді жинауға бизнес өкілдерін әріптестікке шақырады

ӨКМ Операторы Қазақстандағы авторециклинг саласын дамытудың келесі кезеңін іске асыруға кірісті. Компания  істен шыққан көлік құралдарын (ІШКҚ) жинау бойынша дилерлік желі құру,  ескі көліктерді тапсыру және қабылдау процесін оңтайландыруды жоспарлауда. Осы орайда жаңа жобаға шағын және орта бизнес өкілдерін тарту арқылы ескі көліктерді қабылдау бекеттерінің географиясын кеңейтуге ниетті. ӨКМ Операторы аймақтарда ескі автокөліктерді жинауды жүзеге асырғысы келетіндердің «пулын» қалыптастырады. Ел ішінен ескі көліктерді жинай алатын мүмкіндігі бар заңды тұлғалар ҚР заңнамасы аясында экологиялық және өндірістік талаптарға сәйкес келуі тиіс. Яғни, үміткерлердің көлік қабылдау үшін қажетті орыны мен тиісті жабдықтары болуы керек.

Ескі автокөліктерді жинау бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқаннан кейін заңды тұлғаға Оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалану мүмкіндігі беріледі.  Заңды тұлғалардан өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 15-25 маусым аралығында төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: info@recycle.kz («ІШКҚ жобасы» белгісімен) және a.ryabinin@recycleauto.kz .

Қосымша сұрақтарыңыз болса «ӨКМ Операторының» icтен шыққан көлік құралдары бөлімі басшы Бигараев Болат Сапарұлына хабарласуға болады. Тел: 8-747-054-6452

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402