RU KZ

Компания жаңалығы

Recycle.kz жүйесіне өзгеріс енгізілді

Құрметті өндірушілер және импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері таралатын тауарларды (өнімдерді) өндірушілер мен импорттаушылар. Жақын арада автоматтандырылған ақпараттық жүйеде, оның ішінде қолданушыларды авторландыру бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Қолданушылар recycle.kz жүйесінде жеке кабинетке кіру үшін электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланатын болады. Осы орайда Сіздерден ЭЦҚ-ға жауапты қызметкерлерді алдын ала қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.  recycle.kz автоматтандырылған жүйесін қолданушылар жұмысында аз-кем өзгерістер болады. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін өтінімге қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады. Дей тұрғанмен ӨКМ орындау үшін құжаттар тізімі, өтінімдерді қарау және төлем жүргізілгендігі туралы құжатты алу мерзімдері сақталады. ЭЦҚ пайдалануға көшудің нақты күні ӨКМ Операторының recycle.kz ресми сайтында және қайта өңдеу төлемі мәселелері бойынша телеграм каналында жарияланатын болады.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402