RU KZ

БАҚ біз туралы

Балқаш көлінің аумағы улы қалдықтардан тазартылмақ!


Ақыры Балқаш көлінің аумағы улы қалдықтардан тазартылатын болды. Кеңес кезінен қалған «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы зиянды заттарға толып тұр. Қауіпті аймақтан 6002 улы конденсатор мен құрамында полихлордефинилі бар үш контейнер арнайы қаптамамен Степногорск қаласына көшіріледі. Сонда мамандандырылған алаңда сақталып, тек екі жылдан соң залалсыздандырылмақ. Сала министрлігі мен тиісті компания арасындағы келісім солай. Улы қалдықтан арылу жұмысы 2004 жылы радиолокациялық станциясы бөлшектеген кезде басталған. Сол аумақтан 16 мың қауіпті конденсатор табылып, 10 мыңнан астамы Германияға көзін жою үшін жіберілген еді. Содан қалғанынан енді құтылғалы жатыр. Бастысы зиянды заттар Балқаш көліне жетпеген. Егер көл уланса қатер де көп болатыны сөзсіз.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402