RU KZ

Баспасөз орталығы

Қоқыс шығару талабын сақтамаған тұрғындарға 20 мың теңге айыппұл салынып жатыр

Журналистермен кездесу кезінде Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаладағы экологиялық мәселе, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау, жинау жұмыстарына қатысты да ақпарат берді. Оның айтуынша, биыл наурыздан бастап Ақтөбе қаласында екі компания — «NEO PLUS» және «АҚЖОЛ ЛТД» ЖШС тұрмыстық қоқысжинаумен айналысады. Күн сайын бұл жұмысқа қоқыс тасушы — 29, қоқыс тиеуші 5 көлік және 11 арнайы техника (самосвал) жұмылдырылған.

— Тұрғындардың қоқыс шығарғаны үшін төлемақыны уақтылы есептеспейтіні бұл саладағы жұмысқа кедергі келтіріп отыр. Қалалықтардың 40 пайызы ғана төлемді уақытында жүргізеді. Ел аймақтары арасында Ақтөбе қаласында ғана қоқыс шығаруға ең төменгі тариф белгіленген. Мөлшері — 104 теңге. Өкінішке қарай, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасып, қызмет көрсету бойынша нарықта бәсекелестік жоқ. Осының салдарынан қалада 2018-2020 жылдары түрлі себептермен тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын бірнеше компания ауысты, — деді А.Шахаров.

Жергілікті билік қоқыс шығару ісіне салғырт қарайтын тұрғындарға жаза қолдануға кіріскен. Бүгінгі таңда күніне 20-дан астам тұрғынға қоқыс шығару талабын сақтамағаны үшін 20 мың теңгеден айыппұл салынып жатыр. Тұрғындар айыппұл сомасын он күн ішінде төлеуі тиіс. «Қазір бұл жұмыс жүйелі жүргізіліп жатыр. Қоқыс шығарушы компаниялар арнайы кестеге сай жұмыс жасайды. Сондықтан тұрғындар қоқыс көліктерінің келетін уақытын болжап, тұрмыстық қалдықтарды шығаруына болады», — деді А.Шахаров.

Қала әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін қала аумағында шамамен 1000 контейнерді жаңарту жоспарда бар. Сонымен қатар қоқыс алаңдары да ретке келтірілмек.

Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің геопорталынан алынған мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының сыртында, оның шекара аймақтарында 375 стихиялық қоқыс орны анықталған. Соның 230-ы — Алматы, қалғаны Астана аудандарының аумағында орналасқан. А.Шахаровтың айтуынша, мұндай қоқыс орындарында шамамен 200,0 мың текше метр қалдықтың бар екені болжанып отыр. Оны жинау үшін 260,0 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда  конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Ол бұл аймақтардың тұрғындардың жауапсыздығынан қоқысқа толғанын айтты.

Қазіргі таңда қала көшелеріндегі аялдамаларды ретке келтіру үшін конкурс жарияланған. «Біз аялдамаларды талапқа сай тұрғызатын боламыз. Яғни конкурстан ұтқан компания қоғамдық көліктерді күтуші тұрғындарға қолайлы аялдама тұрғызуы тиіс. Жалпы біз болашақта автобустардың бәрін цифрландыру жүйесіне көшірмекпіз. Яғни жолаушы аялдамаға автобус келетін уақыттан бұрын келмей, оның жүрісін мобильді қосымша арқылы үйде отырып бақылайтын болады. Қазіргі күні осындай жұмыстар қолға алынды», — дейді шаһар басшысы.

Дереккөз: aqtobegazeti.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402