RU KZ

Баспасөз орталығы

Қоқысты энергия көзіне айналдыру көзделген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Мәжіліс қоқысты өртеп, оны энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынды. Құжатты депутат Құралай Қарекен таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасының тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді.

«Қазіргі таңда зауыттар қоқысты тек сұрыптап, қайда өңдейді. Ал енді елімізде жаңа іске қосылатын зауыттар өңдеуден қалған қалдықтарды өртейді. Нәтижесінде энергия алынады», – деді ол.

Сондай-ақ, депутат заң жобасының маңызды аспектісі электр энергиясын алу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша сегментті қолдауға бағытталған нормалар болып саналатынын атап өтті.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Дереккөз: tengrinews.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402