RU KZ

Баспасөз орталығы

Қостанай облысындағы 155 қоқыс полигоны талапқа сай емес

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қоршаған ортаға зиянды қоқыс полигондары анықталды. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңейтілген жиында облыс басшысының орынбасары Сергей Карплюк баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында орта есеппен жылына 250 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық қоқыс полигондарына төгіледі. Жыл басындағы есеп бойынша өңірде қалдық төгілетін 266 алаң бар, оның 111-і ғана заңды жұмыс істеп тұр. Қалғаны талапқа сай емес. «Қоқыс алаңдарын қалыпқа келтіру, олқылықтарды жою мәселесі үнемі назарымызда. Былтыр 40 ауылдық округті оңтайландыру-біріктіру нәтижесінде қоқыс полигондарының саны 306-дан 266-ға қысқарды. 2019 жылы 22 полигонды санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкестендіру жөнінен жұмыстар жүргізілді. Оған 12,5 млн теңге жұмсалды. 266 қоқыс полигонының 75-інің қоршаған ортаға шығару рұқсаты жоқ. Экологиялық жоба мен сараптама өткізуге орташа 3 ай уақыт қажет. Сол себепті, аталған аудандардың әкімдіктері қоқыс полигоны иелерімен бірлесіп, алдағы 10 шілдеге дейін жағдайды реттеуі керек», – деді С.Карплюк.

Облыста «Ғарыш Сапары» АҚ рұқсат етілмеген қоқысқа мониторинг жүргізу мақсатында ғарыштан түсірілім жасап келеді. Тек былтыр Қостанай, Рудный қалалар мен Алтынсарин, Қостанай, Федоров, Меңдіқара, Б.Майлин аудандарында рұқсат етілмеген 313 қоқыс полигоны тіркелді. Аталған өңірлердің жергілікті әкімдіктеріне ескерту жасалғанмен, тек 155-і ғана жойылған. Облыстық экология департаменті Қостанай, Рудный қалалары мен 26 ауылдық округ әкімдігінің лауазымды тұлғаларын жауапқа тартқан.

Қазір аймақта қалдық заттарды қайта өңдеумен айналысатын 6 кәсіпорын бар. Олар оннан аса дайын өнім шығарып келеді.

Дереккөз: inform.kz 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402