RU KZ

Баспасөз орталығы

«Сарыға таста!» челленджіне қорытынды жасалды

Елордада жүріп жатқан «Сарыға таста!» челленджіне алдын ала қорытынды жасалды. Білім беру ұйымдарының арасындағы экологиялық бастамаларды жоғары деңгейде көрсете білген кіші санаттағы мекемелер ішінен «Қошақан» балабақшасы үздік деп танылды. Балалар мен оларды ата-аналары челленджге бірінші болып қатысып, қалдықты сұрыптап тастауды көрсететін 20-ға жауық шағын ролик түсірді. Жеңімпаздарға балабақша ауласын көгалдандыруға арналған 720 дана шырайгүл көшеті табысталды. Бақша өсімдіктері арнайы ӨКМ Операторы жариялаған байқау үшін «Арнасайдағы» жасыл технологиялар орталығында өсірілді.

#Сарыға таста интернет-челленджі 15-ші ақпанда ұйымдастырылған экологиялық шарадан бастау алды.   Эко-шараның негізігі қатысушылары мектеп оқушылары мен мұғалімдер болды.  Игі бастамаға қала әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы және ӨКМ Операторы қолдау көрсетті. Байқауға қатысушылар 2 ай көлемінде ұйымдастырушыларға өздерінің қолданатын әдістері мен қалдықты бөліп тастау бойынша отбасылық тәжірибелерінен ақпарат беріп тұрды. Үздік челлендж жұмыстары myecoschool.kz. ресми сайтында жарияланды.  Байқау басталғаннан бері қалдықты үй жағдайында сұрыптап тастау керектігін көрсететін 200-ден астам ақпараттық материалдар мен лайфхактар жіберілді. Байқау мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Қорытындысы 25 мамыр күні шығарылады.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
134402