RU KZ

Баспасөз орталығы

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ҚОҚЫСТЫ ЖЕКЕ ЖИНАУҒА КӨШПЕК

Поделиться:

Қойылған міндеттерге сәйкес Семей қаласы тұрмыстық қатты қалдықтардан 30% дейін шикізат өндіріп алуы керек. Бұл көрсеткішке қалдықтарды жеке жинау жүйесін енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Жуырда қалаға 6 бірлік арнайы техника және 1850-ден астам еуроконтейнерлер алынды. Олар аулаларға және адамдар көп шоғырланған жерлерде орнатылмақ. Толығырақ алдағы бейнематериалда. Семей тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау енгізіліп жатқан Қазақстандағы алғашқы қалалардың бірі. Жақында қалаға «Оператор РОП» ұйымынан 6 бірлік арнайы техника мен 1 853 евроконтейнерлер жеткізілді. Автокөліктер заманауи талаптарға сай және соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Мәселен, IVECO маркалы 2 автокөліктің жүк тиеу көлемі 16 текше метрді құрайды. Ал Камаз жүк көлігі 22 текше метрге дейін қоқыс таси алады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын кәсіпорын басшылығының айтуынша, барлық көліктерде контейнерлерді түсірудің автоматтандырылған жүйесі бар және Еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді. Қауіпсіздік мақсатында жүк көліктері үш арнайы бейнекамерамен жабдықталған. Олар көшеде жүргенде және қоқыс тиегенде қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Ол үшін қоқыс таситын көліктердің кабинасында монитор орнатылған. Қалған екі арнайы көліктің ерекшелігі – оларда әйнек өнімдері жиналатын қоңырау тәрізді контейнерлерді түсіруге арналған тиегіштері бар.   Енді тұрғындарға қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің мәні мен маңыздылығын түсіндіру қажет. Бұл ретте «Экоасар» республикалық акциясына белсенді қатысатын қоғамдық қорлардың ақпараттық сүйемелдеуі аса маңызды. Аталмыш акция аясында мектеп мұғалімдері, балалар мен ата-аналар өңдеу үшін макулатура мен пластик бөтелкелер жинайды. Қайта өңделетін материалдарды жинақтаудан түскен қаражат қайырымдылыққа және мектеп кітапханаларына жаңа кітаптар сатып алуға жұмсалады. Жақында қала көшелерінде және тұрғын үйлердің аулаларында көк, сары және жасыл түсті контейнерлер пайда болады. Әрине, қалдықтарды жинаудың жаңа жүйесін енгізу үшін уақыт керек. Дегенмен, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мақсатындағы сұрыптау халықты табиғи ресурстарды бағалауға, сонымен қатар адамдарды тәртіп пен тазалыққа үндейтіні анық.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355