RU KZ

Баспасөз орталығы

ШЫҒЫСТАҒЫ ШАРУАЛАРҒА ЕСКІРГЕН ТЕХНИКАНЫ УТИЛИЗАЦИЯҒА ҚАЛАЙ ӨТКІЗУГЕ БОЛАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Поделиться:

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату және жаңа техниканы сатып алу үшін жеңілдік сертификатын алу механизмі түсіндірілді

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының көптеген шаруалары тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникасын утилизацияға өткізу және Қазақстан аумағында жасалған жаңа техниканы жеңілідкпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертфикатты қалау алуға болатыны жайында ақпаратқа мұқтаж.

«Жеңілдікті сертфикат ауыл шаруашылығы техникасының иесіне немесе сенімхат арқылы жауапты адамға беріледі. Утилизация өткізілетін техниканың бір данасына 1 жеңілдікті сертификат беріледі, құжат берілген күннен бастап бір жылға жарамды. Ауыл шаруашылығы техникасының комплектациясына байланысты сертификат 560 мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейін жеңілдік береді», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Асқар Жақыпбаев.

Техниканы утилизацияға тапсыру үшін  recycle.kz сайтына электронды өтініш беріп, кезекке тұру керек. Тозығы жеткен техниканы Өскемен және Семей қалаларында қабылдайды.

ШҚО шаруаларының сұрауы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасында ауылшаруашылық техникасын утилизацияға өткізуге өтініш берудің егжей-тегжейлі механизмі берілді.

Бірінші кезекте техника иесі recycle.kz сайтында тіркеуден өтіп, «Қалдықтарды басқару» бөліміне өтіп,  Ескі көліктер/ескі ауыл шаруашылығы техникасын (ВЭТС/ВЭССХТ) өткізу кезегіне тұру» терезесін таңдау керек. Ары қарай «Қаланы таңдау», «Сертификат», «Санаты және түрі» жолақтарын толтыру қажет. Келесі бетке өту үшін машинаның зауыт нөмірі/номерлік агрегатын белгілеп, кейін құжаттардың фотосуреттерін жүктеу қажет. Барлық жолақтар толтырылған соң терезенің жоғары оң жағында орналасқан  «Модераторға жіберу» түймесін басыңыз. Өтінім мақұлданса, Жеке кабинетке техниканы қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама келеді.

Техниканы өткізуге қажетті құжаттар: жеке куәлік, қолданыстан шыққан техниканы есептен шығару туралы анықтама, сенімхат (техниканы сенімхатпен тапсыру кезінде), заңды тұлғаларға – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама.

Утилизацияға өткізілмек техниканың фотосуреттерін түрлі ракурстан түсіру керек, атап айтқанда: техниканың алдыңғы жағы, артқы жағы, сол жақ бүйірі, оң жақ бүйірі, мотор бөлімі, зауыт нөмірі (нөмір болмаса, зауыт нөмірі тұрған орынды түсіру керек), кабина салоны, бункер (егер бар болса), техника жанында иесінің фотосы.

Анықтама ақпарат мына сілтемеде

Дереккөз: atameken.kz

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355