RU KZ

Баспасөз орталығы

Теміртаулық оқушылар қайта өңделетін қалдықтарды жинаудан жарыс өткізді

Поделиться:

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Теміртаулық оқушылар қоқыс жинау бойынша «таза ойындар» атты квест жарысын өткізді. Тазалық бәсекесінің басты нысаны қала іргесіндегі демалыс орыны болды.

Таза ойындар – бұл қызықты командалық ойын. Оған қатысушылар қалдықтарды сұрыптау және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Қоқыс жинау шарасына 50-ден астам адам қатысты. Қатысушылар командаларға бөлініп, эко-тапсырмаларды орындады. Қалдықтарды әрбір жиналған түрі үшін командаларға ұпай берілді.

Квест ойынының нәтижесі бойынша қос команда ортақ жеңіске жетті.  Олар барлығы 70 мөшек қалдық жинады. Оның 66 мөшегі қайта өңдеуге жарамды қалдықтар (макулатура, пластик, шыны) болды.

Дәл осындай квест ойын Ақтау қаласында да ұйымдастырылды. Қаланың эко белсенділері 50 қап қалдық жинады. Қоқыс жинау сайысына қызығушылық жоғары болды. Ең белсенді қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан азын-аулақ сыйлықтар табысталды.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
200104