RU KZ

Баспасөз орталығы

Жаңа көлік құралын сатып алуға берілетін жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі ұзартылды  

ӨКМ Операторының бастамасы бойынша отандық жаңа көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі ұзартылды. Мерзімді өзгерту Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 230 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 492 бірлескен бұйрығына сәйкес қабылданды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 «Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген кезеңде аяқталатын жеңілдік сертификаттарының мерзімі бір жылға ұзартылады.

Осылайша, тозығы жеткен көлік құралын кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін берілген, қолданылу мерзімі 2020 жылғы 16 наурыз бен 2020 жылғы 10 мамыр аралығындағы кезеңде аяқталған жеңілдік сертификаттарының қолдану мерзімі бір жылға ұзартылады (жеңілдік сертификатында көрсетілген қолданылу мерзіміне сәйкес).

Мысалы, егер жеңілдік сертификатында оның мерзімі «2020 жылғы 2 сәуірге дейін жарамды» деп көрсетілсе, онда жоғарыда көрсетілген өзгерістерге сәйкес бұл сертификат 2021 жылғы 2 сәуірге дейін жарамды болады.

Сондай – ақ, экологиялық таза көлік құралдарын сатып алу кезінде жеңілдіктер беретін өндірушілердің тізімі оператордың recycle.kz ресми сайтында көрсетілген.

 

 

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102