RU KZ

Кәдеге жарату төлемі

Калькуляторды ашу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Бұл бөлімде сіз Қазақстан Республикасында өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін орындау үшін кәдеге жарату төлемін енгізе аласыз.

Төлемді енгізу үшін тіркелу және жеке кабинетке кіру қажет (толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді).

Бұл бөлімде калькулятор белгісін пайдаланып, қайта өңдеу төлемінің алдын ала есебін жүргізуге болады.

Сондай-ақ, бұл бөлімде көлік құралдарының қайта өңдеу ақысын тексеруге арналған жолақ бар.

Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1137 қаулысымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып «ӨКМ Операторы» ЖШС белгіленді.

КЕСТЕ:

ӨКМ міндеттемелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген өнімге қатысты қолданылады:

2016 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қазақстанда ӨКМ автокөлік құралдары мен автокомпоненттерге (шиналар, аккумуляторлар, майлар және арнайы сұйықтық) таралды. 2017 жылғы 23 қаңтардан бастап ӨКМ қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін «нөлдік» төлем ставкасы кезінде қаптамаға (қағаз, картон, шыны, пластмасса, металл) және электр және электрондық жабдыққа (тұрмыстық техника, электроника, батареялар, құрамында сынап бар шамдар) енгізілді.

2019 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ауыл шаруашылығы техникасына (тракторлар мен комбайндар) ӨКМ тарату бөлігінде төлемақы есептеу әдістемесіне және өнім тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Бұйрық күшіне енді.

2019 жылғы 26 желтоқсанда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі қаптамаға қатысты белгіленген төлем ставкаларын есептеу әдістемесіне түзетулер енгізуді қарастыратын бұйрық қабылдады. Сондай-ақ автокомпоненттерге қатысты төлем ставкалары белгіленді. Нөлдік ставка мұздануға қарсы сұйықтықтарға қатысты белгіленген. Бұйрық НҚА эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 қаңтарда жарияланды.

Көрсетілген өзгерістер тиісті бұйрыққа сәйкес күнтізбелік он күннен кейін күшіне енді. Яғни 2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Основные документы

  1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы
  2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы
  3. ҚОҒАМДЫҚ ОФЕРТА
  4. Қалдықтары жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы
  5. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы
  6. Өндіругшілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауардың) тұтынушылық қасиеті жойылғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы Үлгілік шарт
  7. Өндіругшілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауардың) тұтынушылық қасиеті жойылғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы Үлгілік шарт (13.01.2017 ж.)
  8. Өндіругшілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауардың) тұтынушылық қасиеті жойылғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы Үлгілік шарт (2016 ж.)
  9. Импорттаушыларды, Көлік құралдарын өндірушілерді қоспағанда, өндірушілердің импорттаушылары үшін Ф1 / Ф2 көлік құралдарын импорттаушылар үшін
  10. Тізбе тауарлары бойынша өтінім жасау жөніндегі пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
  11. Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін өнімді (тауарларды) өндірушілер (импорттаушылар) артық немесе қате төлеген төлемді алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке алу тәртібі
  12. Нөлдік ставкалар бойынша Қаржы Министрлігінің МКК хат
2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102