RU KZ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2021 жылғы наурызда ӨКМ Операторы Семей қаласында тұрмыстық қалдықты бөлек жинауға арналған контейнерлер мен арнайы техникалар берді. Семей қаласы үшін 1582 контейнер және 6 бірлік арнайы техника сатып алынды.  Қалада қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинау үш фракция бойынша жүзеге асырылатын болады. Яғни қалдық үшке бөлініп тасталады.  «Жеңіл» қайта өңделетін қайталама шикізат (пластик, қағаз, металл), «Ауыр» – бұған шыны қалдығы жатады. «Дымқыл» – оған қайта өңдеуге келмейтін қалдықтар (тамақ қалдықтары және т.б.) тасталады.

Жыл сайын Семейде 100 000 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығады. Тәулігіне 300 тоннаға жуық. Шағатын қалдықтардың 45% қайта өңдеуге жарамды қайталама шикізат. Қазіргі уақытта Семейде ҚТҚ өңдеу көлеміі шамамен 16,4% құрайды. Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу арқылы өңдеу көрсеткішін 30% – ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Семейде тұрмыстық қалдықты бөлек жинау инфрақұрылымын ұйымдастыру жөніндегі жобаның негізгі шарасы осы жылдың қыркүйек айында өндірістік қуаты жылына 100 000 тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптайтын автоматты желіні салу және іске қосу болғалы отыр.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355