RU KZ

Қалдықты бөлек жинау

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ ЖҮЙЕСІ   

"Сары" түсті жаңа контейнерлер металды, пластикті, шыныны, макулатураны және ұсақ габаритті электрондық техниканы жинауға арналған. Қалған тұрмыстық қалдықтар үшін жасыл контейнерлер арналған. "Сары" контейнерлерге «Iveco» маркалы отандық өндірісінің 25 жаңа арнайы техникасы қызмет көрсететін болады. Жиналған қайталама шикізат Нұр-Сұлтан қаласындағы қоқыс өңдеу зауытында өңделетін болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жүйелі жинауды ұйымдастыру жөніндегі жоба Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Нұр-сұлтан қ. әкімшілігі және "ӨКМ Операторы" ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде әзірленді.

Жыл сайын елордада 300 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады, бұл тәулігіне 1000 тоннаға жуық. Қалдықтардың осы көлемінен 45% (маусымға байланысты) қайта өңдеуге жарамды қайталама шикізат болып табылады. Қазіргі уақытта елордада ҚТҚ өңдеу тереңдігі шамамен 10% құрайды, қалдықтарды бөлек жинауды енгізу аталған көрсеткішті 25% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҚТҚ бөлек жинауды насихаттау мақсатында елордада халықпен ақпараттық-ағартушылық  жұмыстар жүргізілетін болады. Тұрғын үй кешендерінде ҚТҚ бөлек жинау бойынша арнайы экологиялық іс-шаралар, мастер-кластар ұйымдастыру, білім беру мекемелерінде экологиялық сабақтар өткізу және ҚТҚ бөлек жинауды насихаттайтын аудиовизуалды өнімдерді көрсету жоспарланған.

Бөлек жинау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қоқыс полигондарының көлемін қысқартуға, елде қайта өңдеу саласын дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласында қайта өңделетін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) бөлек жинау үшін арнайы контейнерлер орнатуды бастады. ҚТҚ бөлек жинау "құрғақ" (пластик, қағаз, шыны, металл) және "дымқыл" (тамақ қалдықтары және т.б.) екі фракциясы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бүгін Есіл ауданының төрт тұрғын үй кешенінде 19 контейнер орналастырылды, ағымдағы жылдың шілде айында екінші шикізатқа арналған 200 жаңа сыйымдылық 45 мекен-жай бойынша орнатылады. Барлығы 2565 контейнерлік алаңдарда ҚТҚ бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру бойынша жоба шеңберінде (қаланың контейнерлік алаңшаларын 100% қамту) 6276 контейнер орнатады.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102