RU KZ

Шиналар

Шиналар

Қазақстанда ӨКМ міндеттемелері 2016 жылдың басынан бастап көлік құралдарын импорттаушылар мен өндірушілерге және автокомпоненттерге (шиналар, қақпақтар, электр аккумуляторлары, мотор майлары, тежегіш сұйықтықтар, антифриздер және мұздануға қарсы сұйықтықтар) қолданылады. Бұл тізім Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген.

Өзара әрекеттестік

2016 жылдан бастап Қазақстанда тозған шиналарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындарға төлемдерді өтеуді көздейтін компенсациялау механизмі енгізілді. 2020 жылдан бастап қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша ӨКМ Операторының нысаналы көрсеткіштерін арттыру мақсатында пайдаланылған шиналарды жинау және қайта өңдеу бойынша өтемақы төлемдерінің мөлшері 1 кг үшін 37 теңгеге дейін артты.

Тозған шиналарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемі

2016 жылы Қазақстанда 14366,5 тонна,  2017 жылы 20047,4 тонна тозған шина өңделді, 2018 жылы қайта өңдеушілер 27 710 тонна көлемінде тозған шиналарды жинау және өңдеу бойынша шарттарды орындады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу көлемі 19 001 тоннаны құрады.

 

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
247797.921 тонн
Электронды қалдық
7127 тонн
Макулатура
102433.576 тонн
Шыны
67603.583 тонн
Пластик
33316.397 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
149102