RU KZ

Өскемен қаласында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру

2021 жылғы наурызда ӨКМ Операторы Өскемен қаласында тұрмыстық қалдықты бөлек жинауға арналған контейнерлер мен арнайы техникалар берді. Облыс орталығы үшін 1274 контейнер және оларға қызмет көрсету үшін 6 бірлік арнайы техника сатып алынды. Аймақта қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинау үш фракция бойынша жүзеге асырылатын болады. Яғни қалдық үшке бөлініп тасталады.  «Жеңіл» қайта өңделетін қайталама шикізат (пластик, қағаз, металл), «Ауыр» – бұған шыны қалдығы жатады. «Дымқыл» – оған қайта өңдеуге келмейтін қалдықтар (тамақ қалдықтары және т.б.) тасталады.

Жыл сайын Өскеменде 132 000 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарады. Тәулігіне 400 тоннаға жуық. Шағатын қалдықтардың 45% қайта өңдеуге жарамды қайталама шикізат. Қазіргі уақытта облыс орталығында ҚТҚ өңдеу көлеміі шамамен 10% құрайды. Қалдықтарды бөлек жинауды енгізу арқылы өңдеу көрсеткішін 30% – ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет және қоқыс шығаратын ұйымдар қаражаты есебінен тамақ қалдықтарын жинау үшін 2000-нан астам контейнер сатып алынды, қайталама шикізаттың 10 стационарлық қабылдау пункттері орнатылды және сұрыптаудың автоматтандырылған желілерін салу қаржыландырылды.

Өскеменде тұрмыстық қалдықты бөлек жинау инфрақұрылымын ұйымдастыру жөніндегі жобаның негізгі шарасы осы жылдың қыркүйек айында өндірістік қуаты жылына 100 000 тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптайтын автоматты желіні салу және іске қосу болғалы отыр.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
178355