RU KZ

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БӨЛЕК ЖИНАУ ТУРАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, ЖАРНАМАЛАУ, ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1. «УТИЛЬ ОТ А ДО Я» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ

ӨКМ Операторының бастамасымен 2017 жылы «Утиль от А до Я» білім беру жобасы іске қосылды. Іс-шара аясында оқушылар мен студенттерге қоқыс өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығы, сондай-ақ қайталама шикізат пен ескі автомобильдерді қабылдау бекетері көрсетіледі. Экскурсиялық бағдарламалар Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында ұйымдастырылды. Оқушыларға пластик, шыны, қағаз, металл түріндегі құнды компоненттерді одан әрі өңдеу үшін қоқыстың жалпы массасынан қалай іріктелетіні көрсетіледі. Сондай-ақ, балаларды қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу технологияларымен таныстырады, пиролиздік және өндірістік цехтарды көрсетеді.

Білім беру жобасының арқасында балаларға тұрмыстық қатты қалдықтардың қоқыс жәшігіне бөліп тастау нәтижесінде өңдеу кәсіпорнына дайын шикізат ретінде баруына мүмкіндік беретіндігі көрсетіледі. «ӨКМ Операторы» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасымен және қоқыс өңдеу зауытымен (ҚӨЗ) бірлесіп 2020 жылы «Утиль от А до Я» білім беру экскурсиялық іс-шараларын жалғастырды. Зауыт қызметкерлері қалдықтарды түсіруден бастап, қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімге дейінгі бүкіл процесті көрсетті. Экскурсия жетекшілері мектеп оқушыларымен қалдықтарды сұрыптау процесін көрсетті, онда зауыт қызметкерлері пластикті, пакеттерді және басқа да қалдықтарды қолмен бөледі. Пластикалық пакеттер мен пластикалық бөтелкелер түйіршіктерге қалай айналғаны және кейіннен қайталама шикізаттан өнім алу үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберілгені туралы процесс толығымен көрсетілді және айтылды. 2020 жылдың қаңтарынан 25 ақпанына дейін қалдың өңдеу зауытына 54 рет экскурсия  ұйымдастырылды.

2. «ХАН ШАТЫР» САУДА-САУЫҚ ҮЙІНДЕ «САРЫҒА ТАСТА» АКЦИЯСЫ

«Сарыға таста» акциясын ұйымдастыру акциясына елорданың 20-дан астам орта білім беру мекемелері, қаланың жоғары оқу орындарының студенттері, Қазақстанның экологиялық ұйымдары, бастамашыл топтар мен қала жұртшылығы қатысты.

Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына Қазақстандағы ҚТҚ өңдейтін алғашқы жылжымалы шағын зауыт («Экотрак» жобасы) көрсетілді. Эко-сөмкелерді әрлеу, ҚТҚ-дан кәдесыйлар дайындау бойынша бірегей шеберлік сыныптары өтті.  Қаланың шығармашылық ұжымдары өздерінің үздік нөмірлерін жұртшылық назарына ұсынды.

Сондай-ақ, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «сарыға таста» ауқымды экологиялық акциясына экология Министрлігінің, қалалық әкімдіктің өкілдері, Швецияның ҚР-дағы Елшісі Матс Фойер, БҰҰДБ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, экобелсенділер, оқушылар мен студенттер қатысты.

3. «САРЫҒА ТАСТА» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, қаңтар айында «Сарыға таста» ақпараттық науқанының екінші кезеңі іске қосылды. Жаңартылған сыртқы жарнама қала ішіндегі 50 аялдамаға,  20 билбордқа орналастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында әлеуметтік роликтерді тегін ротациялау, «Сhaplin» кинотеатрлар желісі, «Евразия» СОО, «Хан Шатыр» СОО, қалалық LED-экрандар іске қосылды. Қоқыс тасығышты брендтеу және тұрғын үй кешендерінде промо-акциялар өткізу жүзеге асырылды. Осы науқан аясында #сарыға таста жүргізілді. Экологиялық бастамаларды ілгерілететін, кіші санаттағы ең үздік білім беру ұйымы «Қошақан» балабақшасы болды. Балалар мен олардың ата –аналары алғашқылардың бірі болып челленджге қосылып, пәтерде қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және #Қайта өңдеуді жіберу туралы 20-ға жуық шағын бейнеролик түсірді.

4. ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН

Нұр-Сұлтан мектептерінде экологиялық марафон басталды. Жобаны Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы, ӨКМ Операторы, Нұр-Сұлтан қаласын білм беруді жаңғырту орталығының қолдауымен, «Clean city NC» қоқыс шығарушы компаниясы және «Жас Ұлан» еріктілер қозғалысы ұйымдастырды.

Бір ай бойы бастауыш сынып оқушылары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында экологиялық сабақтар ұйымдастырылды. Экологиялық қозғалыс көшбасшылары оқушыларға арналған оқытуды ойын түрінде және онлайн форматта өткізеді. Эко-сабақтарда балаларға экологиялық мәдениет негіздері, қайта өңделетін қалдықтарды үйде сұрыптау, сондай-ақ қоршаған орта үшін бөлек жинаудың артықшылықтары үйретілді. Сыныптарда бес минуттық ойындар және қоқысты қайта өңдеу туралы анимациялық бейнероликтер көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы: 87 мектеп, 95 балабақша, 32 колледж 1980-нен астам педагог қатысып, оқудан өтті.

5. «БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ» ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына контейнерлерді орнату жұмыстары аясында ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Елордалық саябақта қайталама шикізатты жинауға арналған контейнерлер орнатылғандығы жөнінде баспасөз баяны әзірленді.  Іс-шараны БАҚ-та жариялау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлығы  саябақ аумағында қайталама шикізатты жинау үшін 30-дан астам металл конструкциялар орнатылды.

Жаңа контейнерлер сары түсті, пластикалық бөтелке тәрізді, сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін контейнерлерге бөлек жинау нұсқаулығы жасалды. Қалдықтарды сұрыптау бойынша жаңа контейнерлердің жанында «сарыға таста» шеберлік сабақтары өткізілді. Еріктілер ойын түрінде жаңа контейнерлерге қандай бөтелкелерді тастау керектігін көрсетті, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың артықшылықтары туралы айтты.

6. ҚАЙТА ӨҢДЕУ/VПЕРЕРАБОТКУ БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІН ЖАСАУ

1 қыркүйекте #Қайта өңдеу кейіпкерін жасауға арналған шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауға барлығы 168 шығармашылық жұмыс ұсынылды. Ең жақсысын таңдау оңайға түспеді. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қатысушылар қазылар алқасының қарауына ондаған түрлі қызықты жұмыстарды жіберді. Әрқайсысы өзінің көзқарасын ұсынды. Атап айтқанда қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және қайта өңдеу саласын бейнелейтін кейіпкерлер образын жасады. Финалистерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. 168 жұмыстың ішінен екінші турға сарапшылар 67 жұмысты іріктеп алды.

Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ӨКМ Операторының, БҰҰДБ Қазақстан сарапшылары, мамандандырылған кәсіпорындардың, «Жас Ұлан» РҚБ, үкіметтік емес ұйымының, «Инактус» халықаралық ұйымының өкілдері, ҚР елшіліктерінің өкілдері, БАҚ өкілдері мен ата-аналар комитеттері бағалады. Дауыс беру нәтижесі бойынша 13 жартылай финалист анықталды. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды зерделеп, үздік төрттікті таңдады. Сары контейнер, ғажайып қыз, жасөспірім және эко-батыр ең көп дауыс алды. Сарапшылар шығармашылықты, кейіпкерлердің егжей-тегжейін, көркемдік идеясы мен шығармашылығын бағалады. Жеңімпаздарға эскизге арналған маркерлердің үлкен жиынтығы беріледі. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған экологиялық ертегілер сериясын дайындау жобасы аясында қазылар алқасы жартылай финалға таңдаған барлық 67 жұмыс әдістемелік оқулықты көрсету үшін пайдаланылатын болды.

7. «ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ» АКЦИЯСЫ

Бұл жоба оқыту материалдары мен практикалық іс-қимылдарды қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады. Жоба географиясы кеңейтіліп, Семей және Қарағанды қалалары қосылды. Наурыз айында Семейде жас эко-еріктілер қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды қолдау бойынша кезекті акция өткізді. Оқушылар сусындардан жасалған пластикалық бөтелкелерге арнайы «сарыға таста» стикерлерін жапсырды. Жапсырмаларда пайдаланғаннан кейін пластикалық контейнерлерді қайта өңделетін қалдықтар үшін контейнерге тастау керек деген ақпараттар жазылды. Тұрғын үй кешендерінде шеберлік сабақтары мен оқыту семинарлары өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектеп базалары: №67, 66, 83, 77, 53, балабақшалар №77.95.73.63,64, Теміртауда: Орта мектеп №16, 14, 3, балабақша 12, Семейда: орта мектеп №3,37,4, балабақша №33, колледждер.

Осы іс-шаралар аясында бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған әдістемелік кабинетті дайындау және іске қосу жүзеге асырылды. №77, 95, 63 балабақшаларының тәрбиешілері балалар мен ата-аналарға арналған спектакль-сабақтарын (әр түрлі жастағы топтар үшін) дайындады. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбын ғана емес, сонымен қатар өңдеу мүмкіндіктерін де ашты. Квест және әдістемелік модульдерге арналған материалдарды дайындау бойынша төменде көрсетілген жұмыстар өткзілді:  квесттер ұйымдастырылды. Оған қатысушылардың жалпы саны-17 000 адам болды. «Жас Ұлан» РҚБ-мен серіктестікте қаланың 87 мектебінің «ЭкоАлем» квесті өтті. Сондай-ақ еліміздің 17 өңірінің қатысуымен республикалық чемпионат ұйымдастырылды.

8. ЭКОАСАР ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСУ

Бұл ауқымды білім беру жобасы мынадай іс-шаралар кешенін қамтиды: «Эка! Клоундар», «ӨКМ Операторы» ЖШС дайындаған бейнематериалдарды сынып сағаттарында пайдалану, волонтерлерге арналған вебинарлар және «Жас Ұлан» көшбасшыларының қатысуымен үйлердің аулаларында «ЭкоАсар» акциясын бастау, қайырымдылық мақсаттарға қайталама шикізатты жинау. Үш апта ішінде ӨКМ Операторы қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында оқу орындарына 2383 экологиялық сабақ ұйымдастырды, оған 140 мыңнан астам бала қатысты. Менторлар 2148 еріктіні экологиялық мәдениет негіздеріне, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға және оның қоршаған ортаға тигізетін пайдасын жүйелі оқытуды жүргізді.
Сондай-ақ, «ЭкоАсар» аясында мектептер мен балабақшалар аз қамтылған отбасылардың балалары мен қараусыз жануарларды қолдау шарасы жариялады. Эко-марафонға белсенді қатысудың арқасында 80 білім беру мекемесі 1 млн 33 мың теңге сомасына 36 965 кг қайталама шикізатты жинап, одан әрі өңдеуге тапсырды. Қайталама шикізатты тапсырудан түскен қаражатқа  аз қамтылған отбасылардың балаларына 6 ноутбук сатып алынды және қарусыз қалған ит-мысықтарға 1200 кг-нан астам азық берілді. Сондай-ақ, «Экоасарды» қолдаған компаниялар қосымша 6 ноутбук сатып алды. Балаларға барлығы 12 дана компьютерлік техника берілді.

16 қарашада «Эко Асар» марафонының екінші кезеңі іске қосылды және жобаға Семей, Қарағанды және Теміртау қалалары қосылды. Алдын ала қорытынды бойынша, «ЭкоАсара игі істер марафоны» аясында шамамен 21 тонна қайталама шикізат жиналды. Жалпы саны: 319 964 бала «ЭкоАсар» іс-шараларына тартылды.

Тарқатып көрсеткенде: 1-4 сыныптар -121,031 оқушылар, 5-11 – 154 оқушылар, 736 астам оқушы және балабақшалардан -44 197. Экошырша конкурсына Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Семей қалаларынан 13 650 отбасы қатысты. Пластик бойынша лайфактар - 7 867 отбасы.

9. ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР ТОПТАМАСЫН ШЫҒАРУ

Аталған бағыт шеңберінде мамандандырылған басылымдарды қадағалап, шығарылатын матариалдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүзеге асырылды. «Гринейктер хиакясы» эко-ертегілерінің топтамасы 83 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Асқар Мұқановтың идеясы негізінде дайындалды. Суретші иллюстратор Ирина Хван «ӨКМ Операторы» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылған суретшілер арасындағы байқаудың жеңімпазы атанды.

Эко-ертегі кітабы 5 жинақтан тұрады. Олардың белсенді қатысушылары «Сиықырлы тазақала» қаласының кішкентай адамдары «Гринейктер» өздерінің керемет қабілеттеріне ие және бала мен оның отбасының өмірінде туындайтын экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйретеді, жағалау аумақтарын тазартуға көмектеседі. Экологиялық көліктің дамуын қолдайды. Рұқсат етілмеген ағаш кесуді тоқтату, ескі тұрмыстық техниканы мен автомобильдерді қайта өңдеуге жіберуге үндейді.

ӨКМ Операторы бастауыш мектеп педагогтарының бастамасын қолдады. Олар қазіргі уақытта бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіне кіріктірілген үздік 46 біріктірілген сабақтар жинағын дайындады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының балабақшаларының шығармашыл балаларына «Гринейктер зертханасын» құру бастамасын, «Эко-шырша», «Эко – әкелер-жарайсыңдар», «Бүкіл отбасына арналған ҚТҚ-ойындар», «ҚТҚ бөлек жинау бойынша Эко-эссе» және тағы басқалары бастамалар жүзеге асырылды. Балалар мен жастардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Ровесник халық театры» шығармашылық ұжымының бастамасы қолдау тапты. Олар осы ертегілер жинағы негізінде 83 мектеп-гимназия балаларының қатысуымен «Гринейктердің Экоқосылуы» шағын-спектаклін дайындайды, ол эко-ертегілер жинағының таныстырылымы күні көрсетілетін болады. Таралымы-150 жинақ (5 кітаптан). Білім беру бастамалары шеңберінде жобаны ілгерілету бойынша ұсыныстар:

  • жаңа ертегілер сериясын дайындауды жалғастыру;
  • анимациялық фильмдерді дайындау;
  • балаларға арналған аудио ертегілерді дайындау;
  • тираждау және жаңа ҚТҚ ойындарын жасау;
  • өнімді брендтеу (мерчендайзинг).

«Рожденные мечтать» комикс-романы

Алғашқы әлеуметтік эко-комикс-романы «Рожденные мечтать» қазақстанда экологиялық мәдениетті дамыту аясында әзірленген. Жастар арасындағы кең қолданыстағы жанрдағы шығарма  ӨКМ Операторы тарапынан қолдау тапты. Платформаның басымдықтарының бірі жастармен, талантты авторлармен жұмыс істеу болып саналады. Олардың бірі лингвистикалық колледждің 2-курс студенті Агафонова Ева. Ол әлеуметтік роман жазып қана қоймай, оны ең басты мәселелерді-ересектер мен балалар арасындағы отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды, бір-бірін түсінбеушілік позициясынан тұрақтылық пен өзара түсіністік игілігі үшін экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуде орнықты жолды таңдауға көшуді бейнелейтін эко-комикс форматында дайындай алған дарынды қыз. Әлеуметтік эко-комикс романын жасау бойынша жұмыс 1.5 жыл бойы жүргізілді. Бұл жасөспірімдермен, ата-аналармен, өндіріс өкілдерімен көптеген кездесулермен қатар жүретін шығармашылық процесс болды. Басылымдардың тұсаукесері 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының 83 және 28 мектептері базасында онлайн режимде өтеді. Таралымы: 500 дана.

10. ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ІСКЕ ҚОСУ

Аталған бағыт шеңберінде эко-амбассадорлар мен жаттықтырушыларды тарта отырып, 900-ден астам волонтер дайындалып, қатысты. Волонтерлік қатысу түрлері әр түрлі болды:

  • Бастауыш сынып балаларымен шеберлік сабақтарын өткізу;
  • Тұрғынүй кешенінде ойын квесттерін өткізу;
  • ҚТҚ бөлек жинау тақырыбын түсіндіре отырып, саябақ аймақтарында веложарыстар ұйымдастыру;
  • ПИК-те, ересек тұрғындарға оқыту түсіндірмесін өткізу;
  • Шағын аудандардағы спорт алаңдарында балалармен және олардың ата-аналарымен оқыту шеберлік сыныптарын өткізу.

Нәтижесінде елорданың 29 000-нан астам тұрғыны қатты тұрмыстық қалдықты бөлек жинау тақырыбына хабарланды. Осы жұмыс аясында қойылған міндеттер:

- ПИК тұрғындардың санын білу және бекітілген нормативтерге сәйкес ҚТҚ нормаларын есептеу (бір адамға айына 26 кг), оның ішінде 18.82 кг/Адам – сары контейнерге және 7.28 кг/адам жасыл контейнерге. Өз отбасыңызда және көршілеріңізде ҚТҚ бөлек жинаудың дұрыстығын талдау;

- Өз отбасыңызға және көршілеріңізге ҚТҚ-ны үйде қалай дұрыс сұрыптау керектігін айтып, ҚТҚ-ны бөлек жинауға барлық адамды қатыстыру. Экологиялық сананы қалыптастыру туралы ақпаратты #recyclekz, #ecoschoolkz, #ecoasar әлеуметтік желілерінде, «Менің эко мектебім» байқауына өз құпиясөзіңізбен ақпарат жіберіңіз. Бұл сауалнамаға 802 волонтер қатысады. Елорданың 46 тұрғын үй кешеніндегі жағдай талданып, Теміртауда 1000-нан астам, Семей қаласында 700 адамнан сауалнама алынды.

2016-2018 © ТОО «Оператор РОП»
Любое использование материалов сайта recycle.kz допускается только с письменного разрешения ТОО «Оператор РОП».

Басшы блогы

Қызықтырған сауалдарыңызды жолдаңыз

Сұрақ қою Сұрақ-жауап
Медет Құмарғалиев «ӨКМ Операторы» ЖШС
Басқарма төрағасы
ӨКМ қағидасы енгізілгеннен бастап жиналды және қайта өңделді:
Автокомпоненттер
252820 тонн
Металл қаптама қалдығы
473 тонн
Макулатура
116499 тонн
Шыны
62065 тонн
Пластик
28251 тонн
Жоюға қабылданған ескі көліктер:
САНЫ
200104