«ECO MEKEN» РЕАЛИТИ-ШОУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 10 МЛН ТЕҢГЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ
Назад в пресс-Центр

«ECO MEKEN» РЕАЛИТИ-ШОУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 10 МЛН ТЕҢГЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ

«Хабар» Агенттігі ««Оператор «ӨКМ»» ЖШС-мен бірге     «ECO MEKEN» жаңа телевизиялық жобасына қатысу үшін ұлттық кастингтың  жарияланғандығын  хабарлайды. «ECO MEKEN» – бұл 16 қатысушы өзінің экологиялық бизнес-жобасын іске асыру үшін сайысқа түсетін реалити-шоу. Әр шығарылымда  олар бір уақытта табысты кәсіпкерліктің принциптерін және қоршаған ортаны бұзатын нәрсенің не екендігін және табиғатты қалай құтқаруға болатындығын үйренетін болады.

 Жобаның мақсаты – экологиялық көзқарасты кеңінен насихаттау және басты сыйлық ретінде өзінің экологиялық бизнесін ұйымдастыруға көмектесетін ең перспективалы қатысушыны анықтау.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Хабар» телеарнасында қыркүйек айында, ал соңғы шығарылымы желтоқсан айында  көрсетіледі.

«Жоба ауқымды болады, оны біздің көрермендер жаңа маусымда көре алады. Түсірілім еліміздің барлық аймақтарында өтеді. Жоба жеңімпазы 10 миллион теңге алады. Екінші орынға – 5 миллион және үшінші орынға – 3 миллион теңге. Сондықтан біз барлық қазақстандықтарды жобаға белсенді қатысуға және қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз», – деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина жарыстың бастау алғанына  арналған  баспасөз  отырысында.

Жобаға қатысу үшін  2021 жылдың 24 мамыры мен 3 маусымы аралығында кешкі сағат 18.00-ге дейін қатысушы https://ecomeken.khabar.kz/ веб-сайтына мыналарды қамтитын өтінім жіберуі керек:

1) қатысуға өтінім анкетасын;

2) қатысушының  jpeg  форматындағы фотосуретін;

3) Сапасы 720р-дан  аспайтын, уақыты 1 минутқа дейінгі жобаға қатысуға уәждемесі бар бейне үндеу.

Жобаға қатысуға түсірілім уақытында жасы 18-ден асқан Қазақстан Республикасының аумағында тұратын  азаматтарға  рұқсат беріледі.

 

Қосымша ақпарат үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз

pr@khabar.kz , 8 (701) 152 07 91

www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV |  Instagram.com. KhabarTV