Комплаенс (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл)

Комплаенс (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл)

Комплаенс қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Жарғыға, Комплаенс қызметі туралы ережеге және қоғамның өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Комплаенс қызметі Қоғамның басқармасынан тәуелсіз және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстармен қамтамасыз етілген.

Табысты компаниялар сенімге негізделген. Әлеуетті инвесторлар үшін компанияның адал және ашық бизнес жүргізуі маңызды. Сондықтан "Жасыл даму" АҚ өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үздік комплаенс практиктерге сәйкес құруда. Қызметтің негізгі мақсаты комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ "Жасыл даму" АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру және т. б. болып табылады.

"Жасыл даму" АҚ Бастамашылық ақпараттандыру саясатына сәйкес, Сіз кез келген заң бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік және қоғамның қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтар туралы комплаенс қызметіне хабарлай аласыз. Өтініштерді барлық тұлғалар қазақ және орыс тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады:

  • +7 (7172) 62 06 71 телефон нөмірі бойынша;
  • compliance@recycle.kz электрондық поштаға;

Телефон қоңырауларын Комплаенс қызметі дүйсенбіден жұмаға дейін 08.00-ден 17.30-ға дейін қабылдайды.

Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

Маңызды!
Сенім телефоны Қоғам қызметкерлеріне және контрагенттерге қысым жасау және/немесе оларды белгілі бір әрекеттерді жасауға/одан бас тартуға мәжбүрлеу үшін пайдаланылмауы керек, сондай-ақ бір-бірінен кек алу құралы ретінде қарастырылмауы керек.