Қалдықтарды түзушілер үшін ақпарат

Қалдықтарды түзушілер үшін ақпарат


Қалдықтарды түзушілер - жеке тұлғалардың «EcoQolday» ақпараттық жүйеcін пайдалану тәртібі 

«EcoQolday» қатысу үшін қалдықтарды түзушілерге «EcoQolday» мобильді қосымшасында тіркелуі керек.

Ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасында тіркелу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1) IOS пайдаланушылары үшін AppStore-дан немесе Android пайдаланушылары үшін Google Play-ден EcoQolday ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасын смартфонға жүктеп алу;

2) ұялы телефон нөмірін енгізу. Бір ұялы телефон нөміріне тек бір есептік жазба жасауға болады;

3) ұялы телефон нөміріне жіберілген SMS кодын енгізу;

4) «жеке тұлғаны» таңдау;

5) пайдаланушы рөлін таңдау «қалдық түзуші (қалдық иесі) - жеке тұлға»;

6) ЖСН енгізу;

7) құпия сөзді ойлап табу және енгізу. Құпия сөз кемінде 8 (сегіз) таңбадан, цифрлардан (0-9), латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен (A-Z) тұруы керек;

8) «Тіркелу» батырмасын басу.

Қалдықтарды әкетуге өтінім беру үшін төлем алушы мынадай әрекеттерді жүзеге асыруы қажет: 

1) «Менің өтінімдерім» бөліміне өтіп, «Өтінім жасау» батырмасын басу;

2) әкету күнін, қалдықтардың түрін (бір өтінім - қалдықтардың бір түрі), қалдықтардың массасын көрсету, қалдықтардың фотосуретін, әкету мекенжайын, байланыс деректерін жүктеу;

3) егер қалдықтар өтеусіз берілсе, «Өтеусіз» белгісін қойыңыз немесе қалдықтардың килограмына немесе тоннасына баға белгілеу;

4) Түсіндірмелердің 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша SMS кодын пайдалана отырып, қалдықтарды беру туралы өтінімге қол қою;

5) төлем алушылар тарапынан пікірлер күту;

6) жауап берген төлем алушылардан таңдау;

7) төлем алушыға қалдықтарды берген кезде «Қалдықтар берілді» батырмасын басу.

Сонымен бірге:

1) жинақталған қалдықтарды қаптама қалдықтарының әрбір түрі (шыны, қағаз және картон, полимер, аралас материалдардан) бойынша бөлек тазартуды және сұрыптауды жүзеге асыру қажет;

2) қалдықтарды жіберуге өтінім беру үшін қаптама қалдықтарының ең аз массасы жеке тұлғалар үшін қаптама қалдықтарының бір түрі бойынша кемінде 10 (он) килограмм болуы тиіс;

3) қаптама қалдықтары таза және құрғақ, құрамында сұйықтық, тамақ қалдықтары, мата, фольга, мультифорлар жоқ, сондай-ақ парафинделмеген, битумдалмаған, майланбаған, гуммирленбеген, металдандырылмаған, химиялық заттармен сіңдірілмеген, зығырланбаған, сынбаған және күйдірілмеген болу керек.


Қаптама қалдықтарын қабылдау бағасы туралы мәліметтер (қалдықтарды жинауды, сұрыптауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметтері бойынша)

Қалдық түрі

Қабылдау бағасы (шамамен), теңге/кг*

Картон

25-40

А4 қағазы

40-80

LDPE мөлдір, созылу пленкасы

80-120 (сапасына байланысты)

LDPE түсті

80-100

HDPE канистрлері

50-70

PET

80-120

Ақ шыны

30-40

Жасыл шыны

10

Қоңыр шыны

5

Алюминий банка

300


*бағалар қалдықтардың көлеміне, логистикасына және күйіне байланысты өзгеруі мүмкін