Омбудсмен – «Жасыл даму» АҚ-ның (бұдан әрі-қоғам) Директорлар кеңесі тағайындайтын, оған еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелген тұлға.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен (№06/04/2024 хаттама) тәуелсіз директор, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Шаекин Рауан Михайлович 2025 жылғы 04 ақпанды қоса алғанда мерзімге Қоғамның омбудсмені болып тағайындалды.
Омбудсменнің негізгі функциялары:
- Қызметкерлерге, еңбек дауына қатысушыларға кеңес беру;
- Қоғам қызметкерлерінің жұмыскерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және Қоғамның лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты шағымдарын қарастыру;
- Іскерлік әдеп кодексінің ережелерінің орындалмауы туралы мәліметтер жинау;
- Қоғам қызметкерлеріне шиеленістерді (дауды) сот қарастыруына дейін жеткізбей бастапқы кезеңде реттеуге, соттан тыс тәртіпте реттеуге жәрдемдесу;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларына қабылданған өтініштер бойынша шиеленістерді (дауларды) реттеу жөніндегі ұсыныстарды келтіру;
- Жүйелі түрде қайталанып отыратын шиеленістерді (дауларды) шешу және алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау;
- Қоғам қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен қажетті жиналыстар, кездесулер, кеңестер, талқылаулар өткізу, сонымен қатар келіп түскен өтініштер бойынша Қоғам қызметкерлерін тыңдау.
«Жасыл даму» АҚ-ның кез келген қызметкері мен лауазымды тұлғаның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу фактілері, «Жасыл даму» АҚ-ның Іскерлік әдеп кодексінің ішкі рәсімдері мен ережелері, сондай-ақ корпоративтік жанжал мен мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша «Жасыл даму» АҚ-ның омбудсменіне телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз +7(777)111-61-00, сондай-ақ электрондық мекенжайға: ombudsman_rm@mail.ru немесе пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 үй, "Нұрлы орда" БО, «Жасыл даму» АҚ-ның Омбудсменіне" конвертте (пакетте).